XVIII ғасырдағы Қазақ - орыс қатынастары

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Орта және Ұлы жүздегі билік және оның нығаюы
    1. Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және Ұлы жүздердің Ресейге қосылуы
    2. XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары
    3. Қазақ Ордасының ханы — Абылай хан
    4. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
  3. Қорытынды
  4. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тарихы көне дәуірлер қойнауынан бастау алады. Сондықтан оны бүгінгі тарих ғылымының жетістіктері тұрғысынан саралау күрделі әрі жан-жақты, терең талдауды қажет ететін үдеріс.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болғаннан кейін өткен дәуірлер тарихын сол кезеңнің шындығына сай қарастырудың маңызы артты. Бұл — идеологиялық штамптар мен саяси қалыптардан арылып, бұрын біржақты бағаланған мәселелерді мүмкіндігінше ашып көрсету арқылы тарихи ақиқатты ғылыми және қоғамдық-саяси тұрғыдан әділ саралауға бағытталған жұмыс.

Осындай күрделі мәселелерді зерттеуде XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Орта және Ұлы жүздер тарихының алатын орны ерекше. Курстық жұмыста қазақ қоғамы үшін қиын да күрделі әрі шешуші кезең болған XVIII ғасырдағы саяси-әлеуметтік тарихи проблемалар қарастырылады.

Бұл дәуір қазақ-орыс байланыстарының және қазақ қоғамының ішкі саяси-әлеуметтік қатынастарының жаңа сатыға өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік тарихы отандық тарихнамада айрықша мәнге ие.

Зерттеудің мақсаты

Орта және Ұлы жүздердегі билік жүйесі мен оның нығаюы туралы толық әрі жүйелі мәлімет беру.

Зерттеудің міндеттері

  • Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясатын талдау; Орта және Ұлы жүздердің Ресейге қосылу үдерісін қарастыру.
  • XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін сипаттау.
  • Абылай хан туралы және оның ішкі әрі сыртқы елдермен жүргізген саясаты жөнінде мазмұнды ақпарат беру.

Жұмыстың көлемі

Курстық жұмыс көлемі — 32 бет.