Моделдің құрылуы

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • 2.1. Модельдің құрылуы
  • 2.2. Лагранждың көбейткіштер әдісі
  • 2.3. Лагранж көбейткіштерінің мәні
  • 2.4. Жазбаларды басқарудың қарапайым моделі

ІІІ. Арнайы бөлім

  • 3.1. Модель I: Уилсонның қоймаларға арналған шектеусіз моделі
  • 3.2. Модель II: Уилсонның қоймаларға арналған шектеулі моделі

ІV. Қорытынды

V. Қолданылған әдебиеттер

Ескертпе
Курстық жұмыс көлемі: 25 бет

Кіріспе

Оңтайландыру ұғымы, тиімді шешім және математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері.

Өмірде бір мақсатқа әртүрлі тәсілдермен жетуге болатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай кезде бірнеше шешімнің әрқайсысы белгілі бір мағынада «ең жақсы» болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, таңдалған немесе берілген критерийге байланысты.

Практикада «ең жақсы» ұғымы көбіне сандық көрсеткіштер арқылы сипатталады: ең аз (минимум) шығын, нормадан ең аз ауытқу, ең жоғары (максимум) жылдамдық, ең көп пайда және т.б. Сондықтан математикалық есепті құрастыру барысында тиімді нәтижені табу талабы жиі қойылады.

Тиімді шешімді табуға арналған есептер оңтайландыру есептері деп аталады. Тиімді шешім, әдетте, бірден табылмайды; ол оңтайландыру үрдісі нәтижесінде алынады. Осы үрдісте қолданылатын тәсілдер оңтайландыру әдістері деп аталады.

Оңтайландыру есептерін шешу, әдетте, бірізді және логикалық кезеңдер жиынтығы ретінде ұйымдастырылады. Әр кезең келесі қадамдардың сапасына әсер етеді: объектіні дұрыс түсіну — дұрыс модельге, ал дұрыс модель — дұрыс шешімге әкеледі.

Оңтайландыру есебін шешудің негізгі кезеңдері

Төмендегі қадамдар есепті қоюдан бастап нәтижені бағалауға дейінгі толық циклді қамтиды.

  1. 1) Объектіні зерттеу

    Бұл кезеңде жүріп жатқан үрдісті түсініп, қажетті параметрлерді анықтау талап етіледі.

  2. 2) Модельді сипаттау

    Негізгі байланыстарды және оңтайландыру критерийі тұрғысынан алынған үрдіс сипаттамалары арасындағы өзара тәуелділікті орнату.

  3. 3) Математикалық модельдеу

    Сипатталған модельді математикалық тілге аудару. Барлық шарттар сәйкес шектеулер жүйесі түрінде жазылады.

  4. 4) Шешу әдісін таңдау

    Әдісті таңдауда математикалық құрылымның ерекшелігі шешуші рөл атқарады. Кейде белгілі әдістің жетілдірілген нұсқасын немесе жаңа тәсілді қолдану қажет болады.

  5. 5) ЭЕМ-да программа жазу немесе таңдау

    Айнымалылар саны көп болғанда, есептеу уақыты ұзақ болғанда немесе басқа да техникалық себептер туындағанда есептеу құралдарын тиімді пайдалану маңызды.

  6. 6) ЭЕМ-да есепті шешу

    Программаға енгізілген сандық ақпарат өңделіп, нәтижелер адамға ыңғайлы түрде ұсынылады.

  7. 7) Алынған шешімді талдау

    Егер талдау нәтижесінде шешімнің дұрыстығына күмән туындаса, программаға түзетулер енгізіліп, үрдіс қайтадан қайталанады. Ал егер модель берілген критерийлер бойынша объектінің жұмысын жеткілікті дәлдікпен сипаттаса, онда модель құру аяқталды деп есептеледі және ол ары қарай есептеулерде қолданылуы мүмкін.

Бұл оқу құралы туралы

Ұсынылып отырған оқу құралында оңтайландыру әдістері туралы бастапқы түсінік беретін нақты объектілер толық көлемде қарастырылмайды. Соған қарамастан, берілген әрбір математикалық тұжырымдаманы белгілі бір нақты жағдайдың математикалық моделі ретінде қабылдауға болады.