Заттың өзіне қарап сурет салу дағдыларын арттыру

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды халық өнерінің құралдарымен таныстыру.
  • Затқа қарап сурет салу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі

Негізгі нұсқа

Ұршық және оның нұсқасына қарап бейнелеу жолдары көрсетілген көрнекі құрал.

Ұршықтың бөліктері
сабы басы иірілген жібі

Халық тұрмысындағы жүн бұйымдары

Жүннен жасалып, күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар арқылы тақырып мазмұны нақтылады.

бау басқұр қоржын алаша т.б.

Сабақтың барысы

Кіріспе әңгіме

Сабақ халықтың сәндік-қолданбалы өнері туралы әңгімеден басталады. Оқушыларға жүннен тоқылған бұйымдар жайлы қысқаша түсінік беріледі.

Одан кейін жүнді иіру мен тоқу туралы қысқаша мәлімет айтылады. Жүн иіруге арналған ұршықтың құрылысы таныстырылады.

Ұршық тақтаға ілініп, оның өлшем-қатынастары мен пішін ерекшеліктері талданады. Бейнелеу кезеңдері көрсетілген кесте (таблица) арқылы ұршықтың суретін салу тәсілдері түсіндіріледі.

Ұршықты бейнелеу кезеңдері

  1. 1

    Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыру

    Композицияны алдын ала ойластырып, бос кеңістікті тең ұстап орналастыру.

  2. 2

    Пропорциялық қатынастарды анықтау

    Бөлшектердің өзара өлшемін салыстырып, негізгі қатынастарын белгілеу.

  3. 3

    Конструкциялық құрылысын тұрғызу

    Негізгі осьтерін, симметриясын және жалпы қаңқасын жеңіл сызықтармен құрастыру.

  4. 4

    Ұсақ бөлшектерін нақтылау

    Басы, сабы және иірілген жіп бөліктерін анық әрі таза пішіндеу.

  5. 5

    Штрих арқылы көлемін шығару

    Қаламмен штрихтау арқылы жарық-көлеңкені беріп, форманың көлемін көрсету (7-сурет).

Оқушыларға көрсетілетін әдістемелік көмек

  • Нұсқаның пропорциялық қатынастарына оқушылардың назарын жүйелі түрде аударып отыру.
  • Сурет салу барысында форманың қағаз бетіне дұрыс және дұрыс емес орналастырылуын көрсететін кестені пайдалану.
  • Зат құрылысын бейнелеу кезінде симметриялы формаларды дұрыс салу тәсілдерін көрсету.
  • Штрихтау арқылы заттың формасын айқындауға бағыт беру.

Қорытынды

Сабақ соңында жақсы орындалған жұмыстар оқушыларға үлгі ретінде көрсетіліп, нәтижелер талқыланады.