Қиын өмірлік жағдайға түскен тұлғалармен әлеуметтік психологиялық жүмыс, оларды әлеуметтенуінің әдістемелерін жасау

Жоспар

I. Кіріспе

3-бет

II. Негізгі бөлім

4–18-беттер

  • 1. Әлеуметтік қызметкер және әлеуметтік қызмет жүйесі

    4–6-беттер

  • 1.1. Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары

    7–8-беттер

  • 2. Әлеуметтік қызметкердің рухани-адамгершілік қасиеттері

    9–10-беттер

  • 2.1. Әлеуметтік қызметкердің мүгедектігі бар адамдармен жұмысы

    11–14-беттер

  • 2.2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары

    15–18-беттер

III. Практикалық бөлім

19–24-беттер

IV. Қорытынды бөлім

25–28-беттер

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі

29–30-беттер

I. Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Әрбір әлеуметтік қызметкер кәсіби маман деңгейіне жету үшін ұзақ жылдар бойы тәжірибе жинақтап, үздіксіз еңбек етуі қажет. Кәсібилік тек практикамен шектелмейді: әлеуметтік қызметкер әртүрлі білім салаларын меңгеріп, әлеуметтік мәселелерді терең түсініп, әлеуметтік жұмыстың теориясын, әдістері мен технологияларын білуі, сондай-ақ адам психологиясын танып, тұлғаны дұрыс түсіне алуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты

Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу және оларды әлеуметтендіруге арналған әдістемелерді әзірлеу.

Курстық жұмыстың міндеттері

  • Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелерді қолдану.
  • Әлеуметтік, экономикалық және психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдерді тәжірибеде пайдалану.

Курстық жұмыстың объектісі

Әлеуметтік қызметкер көмегіне мұқтаж адамдардың мәселелерін шешуге қолайлы әдістерді таңдау және оларды қолдану барысында психологиялық, құқықтық және әлеуметтік проблемаларды тиімді шешу.

Курстық жұмыстың пәні

Әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері мәселесінің теориялық және тәжірибелік аспектілері.

Жұмыс көлемі

Курстық жұмыс көлемі — 30 бет.