ЖМСАЖ - нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер
Лингвистикалық жабдықтау
Лингвистикалық жабдықтау — ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық-техникалық құралдармен өзара әрекеттесуін жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдар, ғылыми-техникалық терминдер және табиғи тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Алгоритмдік тілдер
- Pascal
- Delphi
Ақпараттық тілдер
- Paradox
- Database Desktop
Эргономикалық жабдықтау
Эргономикалық жабдықтау — жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ жүйені игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы.
ЖМСАЖ-нің эргономикалық жабдықтауының құрамына мыналар кіреді:
- Жұмыс орындарына, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына қатысты эргономикалық сараптаманы қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті.
- Эргономикалық талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау.
- Талаптардың орындалу деңгейіне эргономикалық сараптама жүргізу.
- Жұмыскерлерді даярлау деңгейі мен іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негіздеу, сондай-ақ оны қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.