Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе.……3

1. ЛОГИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы…….6
1.2 . Логистиканы қолданудың тиімділігі……17
1.3 . Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі……25

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛОГИСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы …38
2.2. High Tech Logistic ЖШС және Хак Групп АҚ логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау.…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары……59

Қорытынды……69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……72
КІРІСПЕ

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық әдебиетінде  логистикалық мәлелердің алатын орны маңызды және оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналған.

Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.

Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысының өзектілігін  көруге болады.

Бітіру жұмыстың мақсаты – отандық кіспорындардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу; логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру; шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін талдау; ·  Қазақстан Республикасында логистиканың даму  жағдайы және болашағын қарастыру, High Tech Logistic ЖШС және  Хак Групп  АҚ  кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау; Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.
Бітіру жұмысының зерттеу объектісі – Қазақстан республикасының  кәсіпорындары болып табылады.

Жұмыстың тақырыбына қатысты қарастырылатын мәселелер орын-орнымен топтастырып көрсетілген.

Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі  мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер және баспасөз  материалдары көрсетіліп кетеді.

І бөлімде  логистика тарихы, эволюциясы, ұғымы мен мазмұны, әдістемелері, экономикалық тиімділігі, шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі кеңірек қарастырылады.

ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы логистиканың даму нарығының жағдайы мен болашағы,  High Tech Logistic ЖШС және  Хак Групп  АҚ   логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін жан-жақты талданып, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары қарастырылады.

Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде логистика қызметін тиімділігін арттыру, тәжірибедегі мәселелерін шешу жолдарын көрсетіп,  ұсыныстар келтірілген.

 Дипломдық жұмыс 72 бет



Ұқсас жұмыстар

Логистиканың теориялық негіздері
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Отандық кәсiпорындардың дамуында көліктік логистикалық әдiстердi қолдану қажеттiлiгiн теориялық және практикалық негiздеу
Кәсіпорындағы логистика
Қойма қызметтері
Жүкті тасымалдау уақыты
Логистикалық жобаларды басқару
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi