Еншілес серіктестіктердің алашағы

Бюджет және мемлекеттік кірістердің қалыптасуы

Бюджет — жалпы мемлекеттік деңгейде бөлініп, пайдаланылуы және жұмсалуы үшін қалыптастырылатын қаржы қоры. Бюджет қаражаты экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартуға, мәдени деңгейін көтеруге және өзге де қоғамдық мақсаттарға бағытталады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.

Еншілес және тәуелді серіктестіктер бойынша кредиторлық қарыздардың есебі

Есеп жүргізілетін шоттар

Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қатысты есеп айырысулар келесі синтетикалық шоттарда жүргізіледі:

  • «Еншілес серіктестіктердің алашағы»
  • «Тәуелді серіктестіктердің алашағы»
  • «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы»

Аталған шоттар — пассивті, күрделі шоттар.

Талдамалық есептің ұйымдастырылуы

Талдамалық есеп әрбір еншілес серіктестік бойынша және корреспонденцияланушы шоттар кесіндісінде машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындарда дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу бойынша талдамалық есептің карточкалары кеңінен қолданылады.

Негізгі бухгалтерлік жазбалар (екі жақты жазу)

Материалдар мен тауарларды алу

Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынға келіп түскен материалдар мен сатып алынған тауарлар мына жазбамен көрсетіледі:

Жазба

Д-т
Материалдар шоты
К-т
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістісі

Дайын өнімдер, негізгі құралдар және МЕА алу

Еншілес кәсіпорыннан бас кәсіпорынға берілген дайын өнімдер, негізгі құралдар және материалдық емес активтер (МЕА) төмендегідей көрсетіледі:

Жазба

Д-т
Материалдық емес активтер; Негізгі құралдар және басқа тиісті шоттар
К-т
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістісі

Қарызды өтеу және өзара есеп айырысуды жабу

Еншілес (тәуелді) кәсіпорынға қарызды ақша қаражатымен өтеу

Д-т
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» немесе «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістісі
К-т
«Ақшалар» шоты

Салыстыру актілері бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді жабу

Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер арасындағы есеп айырысулар салыстыру және тексеру актілерімен расталған кезде дебиторлық және кредиторлық қарыз сомалары өзара жабылады.

Д-т
«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы», «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттарының тиістілері
К-т
«Еншілес серіктестіктердің берешегі», «Тәуелді серіктестіктердің берешегі», «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шоттарының тиістілері

Талдамалық есеп «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттары бойынша әрбір серіктестік кесіндісінде жүргізіледі.

Операциялар бойынша үлгілік жазбалар (кесте)

Операция мазмұны Д-т К-т Тип
1 Еншілес серіктестіктерден және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен ақшаны, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алу:
  • сатып алу құнына
  • қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасына
2730;
2412, 2523, 2524;
1310–1317;
1030–1050;
1010, 1030, 1420
3320–3330 III
2 Еншілес серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кәсіпорын цехтарына, ғимараттарына жөндеу жұмыстарын орындауы:
  • қызмет сомасына
  • ҚҚС сомасына
8044, 7440;
1420
3320–3330 III
3 Бұрын алынған банк несиесі бойынша қарызды еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтеуі 4010 3320–3330 III
4 Жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарызды еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың өтеуі 3110 3320–3330 II
5 Еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар алдындағы қарызды есеп айырысу шотынан немесе кассадан өтеу 3320–3330 1030, 1010 IV
6 Қарызды дайын өнім беру арқылы өтеу 3320–3330 6010 II
7 Қарызды материалдық есепке алынатын активтерді беру арқылы өтеу 3320–3330 6210 II
8 Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек қарыздарын олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу 3320–3330 2120–2130 IV

Қорытынды ескерту

«Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» шоттары бойынша талдамалық есеп міндетті түрде әрбір жеке серіктестікке бөлек жүргізіледі.