Өмірбаянды ресімдеу үлгісі
ӨМІРБАЯН
02.09.2007 ж.
Үлгі
Фактілерді жылдар бойынша реттеп, қысқа әрі нақты беріңіз.
Жеке мәлімет
Мен, Ермекова Гүлнәр Арманқызы, 1972 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келдім.
Білімі
-
1990
Талдықорған қаласындағы №145 орта мектепті бітірдім.
-
1991–1996
Қазақ қыздар педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1996 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Еңбек жолы
-
1990, қазан
Алматы қаласына келіп, Алматы мақта-мата комбинатына тігінші болып жұмысқа орналастым.
-
1996 жылдан бастап
Институттың жолдамасымен ҚР ҰҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына жұмысқа орналастым және қазіргі уақытқа дейін осы мекемеде еңбек етіп келемін.
-
1997
Осы ғылыми-зерттеу институты жанындағы аспирантураға түстім. Алайда отбасылық жағдайыма байланысты аспирантураны жалғастыра алмадым.
-
1998, тамыз
Қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым.
Жетістіктері мен марапаттары
Бірнеше рет алғыс хаттар мен марапаттау қағаздарына ие болдым.
Отбасы туралы мәлімет
Әкесі
Ермеков Арман Мұратұлы Москва инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Талдықорған қаласында құрылыс компанияларының бірінде прораб болып жұмыс істейді.
Анасы
Ермекова Ғазиза Бөкейханқызы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Қазір Талдықорғанда №145 мектепте мұғалім болып қызмет етеді.
Жұбайы және балалары
1997 жылы тұрмыс құрдым. Күйеуім Асанов Алмас Мақсатұлы Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетті бітірген. Қазір жеке кәсіпкер. Бір ұл, бір қызымыз бар: ұлым Асан бірінші сыныпта оқиды, қызым Әсел балабақшаға барады.
Қолтаңба
Қолы: Г. Ермекова
Ескерту
Қажет болған жағдайда байланыс деректерін және мекенжайды қосуға болады.