Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында кірістер мен шығыстардың жағдайын талдау

Мазмұны

  1. Кіріспе 4-бет
  2. 1. Бюджет жүйесінің теориялық аспектілері
    1. 1.1 Бюджет ұғымы және экономикалық мәні 5-бет
    2. 1.2 Бюджет жүйесі: құрылымы және ұйымдастыру принциптері 7-бет
  3. 2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында кірістер мен шығыстардың жағдайын талдау
    1. 2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары және оның қалыптасу көздері 11-бет
    2. 2.2 ҚР-ның Ұлттық қоры және оның экономикадағы рөлі 16-бет
    3. 2.3 ҚР-ның бюджет жүйесіндегі кірістер мен шығыстар жағдайына талдау 18-бет
  4. 3. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі буындары арасында қаржыларды бөлудегі мәселелер және оларды шешу жолдары
  5. Қорытынды 28-бет
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі 29-бет
  7. Қосымша 30-бет

Кіріспе

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңін бастан өткеріп отыр. Бұл үдеріс бюджеттің мазмұнына, сондай-ақ оның кірістері мен шығыстарына елеулі ықпал етті. Әсіресе бюджет шығыстарының абсолюттік және салыстырмалы түрде жылдам өсуі айқын байқалады. Мұндай өзгерістер инфляциялық үдерістермен қатар, егемен мемлекеттің функцияларының кеңеюімен және Қазақстанның ішкі-сыртқы қауіпсіздігін дербес қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Бюджет құрылысында негізгі орын бюджет жүйесіне тиесілі. Ол экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің, сондай-ақ бюджет процесі мен бюджет қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Жұмыстың мақсаты

Курстық жұмыстың мақсаты — бюджет жүйесінің жекелеген буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлудің мазмұнын ашу және оны талдау.

Зерттеу бағыты

  • Мемлекеттік кірістер мен табыстардың экономикадағы рөлі мен қызметін көрсету, олардың нарықтық экономика жағдайындағы орнын айқындау.
  • Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың қазіргі экономикалық жағдайын ашып көрсету.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер жүйесіне толық сипаттама беру.
  • Кірістердің экономикалық мәні мен мазмұнын жан-жақты ашу, негізгі қызметтерін көрсету.
  • Салық механизмін анықтап, оның құрамына талдау жасау; жаңа салық заңдарына сәйкес салықтар мен алымдар жүйесін басқару және жетілдіру жолдарын қарастыру.