Қытай тарихы
Кіріспе
Халықаралық қатынастар тарихын және сыртқы саясатты тұтастай меңгеру үшін оқу мазмұны әлемнің ірі аймақтары мен жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға сүйенеді. Бұл көпғасырлық үдерістің даму заңдылықтары мен басты кезеңдері жүйелі түрде қарастырылады.
Ерекше назар дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына аударылады. Сондай-ақ шешім қабылдау үдерістері мен оларды саяси жетекшілердің және сыртқы саяси мекемелер басшыларының іске асыруы маңызды зерттеу бағыты ретінде талданады. Жиналған нақты деректерді теориялық тұрғыдан сараптау да негізгі талаптардың бірі.
Материалды ұсынуда жүйелік, хронологиялық, географиялық және мәселелік қағидалар қолданылады. Типтік оқу жоспарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін және қазіргі сыртқы саяси мәселелерді терең түсінуін дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы елдің әлемдік қауымдастыққа енуін білдірді. Сыртқы саяси функцияларды жүзеге асыру үшін егемен мемлекетке халықаралық қатынастар саласының мамандары қажет болды. Қазақстан халықаралық аренаға шығып, шетел мемлекеттерімен өзара ықпалдастық аясы едәуір кеңейді.
Құқық туралы негізгі түсініктер
Құқық ұғымы және оның құрылымы
Құқық — белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылатын барлық құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол құқықтық әдет-ғұрыптарды, әділеттілік үлгілерін, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық ережелерді қамтиды.
Құқық жүйесінде заңдардың орны ерекше. Заң — мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары қабылдайтын нормативтік акт. Заң ең жоғары заңдық күшке ие, яғни мемлекеттік органдар шығаратын өзге нормативтік актілер заңға негізделуге және оған қайшы келмеуге тиіс. Заңдар адамның құқықтық мәртебесін айқындайды.
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Құқық тек заңдармен шектелмейді. Конституция мен заңдар мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілеттік береді. Мысалы, Президент нормативтік жарлықтар шығарады, Үкімет нормативтік қаулылар қабылдайды, министрліктер нормативтік бұйрықтар береді, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер қабылдайды.
Осылайша, құқық туралы сөз болғанда нақты мемлекетте қолданылып жүрген барлық нормативтік актілер ескеріледі. Бұл — объективтік мағынадағы құқық, яғни дербес, тұтас құбылыс ретінде қоғамда әрекет ететін жүйе.
Субъективтік құқық және құқық нормасы
Құқық ұғымы субъективтік мағынада да қолданылады: ол — мемлекет кепілдік беретін белгілі бір әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін заңдық өкілеттік. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы, білім алу құқығы.
Құқықтың бастапқы элементі — құқық нормасы. Құқық нормасы — мінез-құлық пен тәртіптің жалпыға міндетті ережесі. Мұндай ережелер жеке адамға ғана емес, адамдар ұжымына да қатысты: ұйымдар мен әлеуметтік топтар да өзара қатынасқа түседі және құқық нормалары талаптарын сақтауы тиіс.
Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі
Құқық қоғамдық өмірдің барлық саласында тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Экономикалық қатынастарда өндіріс үдерістері, еңбек тәртібі, материалдық игіліктерді бөлу, еңбекақы төлеу сияқты мәселелер нормативтік актілер арқылы реттеледі. Азаматтар әртүрлі шарттық қатынастарға (сату-сатып алу, айырбас, сыйға тарту, қарыз және т.б.) түскенде де құқық нормалары олардың шеңберін белгілейді.
Саяси өмірде құқық мемлекеттік органдардың құрылымын, оларды жасақтау тәртібін (сайлау, тағайындау), өкілеттіктерін және қызмет ету әдістерін айқындайды. Қоғамдық тәртіп құқықтық актілермен бекітіліп, оны тиісті органдар қамтамасыз етеді. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары да нормативтік актілер арқылы белгіленеді.
Әлеуметтік салада құқық білім алу, денсаулық сақтау, отбасы құру және оны нығайту сияқты қажеттіліктердің заңдық шарттарын бекітеді. Демек, құқық — қоғамның үйлесімді дамуын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ететін мемлекеттік ықпалды құрал.
Құқықты тек жазалау және мәжбүрлеу құралы деп түсіну жеткіліксіз. Құқық азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде пайдаланып, міндеттерін орындағанда және мемлекет құқық бұзушылықтарға заң шеңберінде жауап беруді қамтамасыз еткенде нақты жүзеге асады.
Тақырыптың өзектілігі
Үндістан, Қытай және Жапония — әлемдік деңгейде ықпалы жоғары, тарихи дамуы терең мемлекеттер. Әрқайсысының тарихи жолы әртүрлі жағдайда қалыптасқанымен, бұл елдер аумақ көлемі, халық саны және экономикалық әлеуеті тұрғысынан қазіргі әлемде айрықша орын алады.
Осы жұмыста олардың осы деңгейге жету тарихына қысқаша шолу жасалып, рулық-тайпалық кезеңдерден бастап феодализм дәуіріне, кейінгі саяси-әлеуметтік өзгерістерге дейінгі негізгі белестер қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Міндеттері
- Үндістанның саяси-феодалдық құқықтық институттарының негізгі және қайнар көздерін анықтап, талдау жасау.
- Қытайдың саяси-феодалдық құқықтық институттарының қалыптасу негіздерін талдау.
- Жапонияның жалпы тарихына және феодалдық құқықтық сипатына шолу жасау.
Зерттеу объектісі
Үндістан, Қытай және Жапония елдеріндегі феодалдық құқықтық институттардың қалыптасу және тұрақтану тарихы.
Құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі — 29 бет.