Ұзатылған қыз тойында қыз - жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, бара жатырған жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады

«Жар-жар» — ұзату тойындағы өлең-диалог

Ұзатылатын қыздың тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, жаңа түскен жұртында да осындай игі жағдайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына ақ тілегін білдіреді. Мұның бәрі өлең түрінде айтылатындықтан, «Жар-жар» әсерлі әрі қызықты естіледі.

Мысал: жігіттің бастау сөзі

Алып келген базардан,
Қара насыр, жар-жар-ау.
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар, жар-жар-ау!

Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау.
Жақсы болса қайын атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау!

Қыздың жауабы

Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын, жар-жар-ау.

Қайын атасы бар дейді-ау,
Осы қазақ, жар-жар-ау.
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын, жар-жар-ау!

Бұл өлең-диалогта жігіт жағы қыздың көңілін жұбатып, жаңа ортада да тірек табылатынын ишаралайды, ал қыз жағы әке орнының ешкіммен теңеспейтінін нәзік мұңмен жеткізеді.