Жақсылармен жанастыр, Жамандардан адастыр
Би-исми-л-ләһи-р-раһмани-р-рахим,
Мұсылман болдың қарағым,
Кәне бері қарағын.
Шырағын жағар ұлысың
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен
Жасалсын барлық жарағың,
Көрімдігің мінеки
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң - қой берем,
Тай сұрасаң - тай берем
Зат сұрасаң - зат берем,
Әуелі, Құдай оңдай көр,
Оң жолына бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдап ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр!
Жұлдыздармен жалғастыр.
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
.....................................................
Наурыз - шығыс халықтарының мерекесі
Халық айтса -анық айтады
Бата сөзінің зерттелуі
Құтадғу білік (Құтты білік)
Шешендік өнері туралы түсінік
Ақын–жыраулар мен билердIң шешендIк сөз өнерIндегI тәлIмдIк ойлар
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Батыс сөйленістер тобы
Дарийдің әскерін адастырған сақ малшысы