Арыздасу - тірі адамның соңғы тілдесуі, ақырғы сөзі
Арыздасу (ғұрып)
«Арыздасып кетпедің, шақырып алып халқыңды» («Әйекені жоқтау»)
Арыздасу — адам бұл өмірден өтер алдындағы соңғы сағаттарында туған-туыстарымен, бала-шағасымен тілдесіп, олармен қоштасатын ғұрып. Бұл сәтте ол бар қателігі үшін кешірім сұрап, өсиетін айтады, орындалмай қалған арманын жеткізеді. Тек жақындарымен ғана емес, ел-жұртымен, туған елімен де іштей қоштасады.
Арыздасу — тірі адамның ең соңғы тілдесуі, ақырғы сөзі. Өлім сәті таяғанын сезген әр жан есі мен тілі барында осы сөзді айтып қалуға тырысады.
Қоштасу сөздері және атауы
Мұндайда сырқаттың жанында отырғандар «бақұл бол», «қияметте жүздесейік» деп көздеріне жас алады. Кей өңірлерде бұл рәсімді «бақұлдасу» деп те атайды.
Мысал: «Бақұлдасып, қолдасып, Ахиреттік жолдасы» — Ә. Оспанұлы