Советтермен немістер бір бірімен ұзақ атысуда
Ұлы Отан соғысы кезіндегі бір әзіл
Ұлы Отан соғысы. Кеңес әскері мен неміс әскері окопта ұзақ уақыт бір-бірімен атысып жатады. Бірақ әйтеуір, адам шығыны болмайды.
Сонда кеңес командирі айлаға көшеді: «Немістердің көбінің аты — Ганс. Мен “Мен Ганс!” дегенде, олар басын шығарады. Сол сәтте сендер ата беріңдер», — дейді солдаттарына.
Айла жүзеге асады: 20 неміс солдаты қаза табады.
Бұл қулықты білген неміс командирі де қарап тұрмайды: «Кеңестердің көбінің аты — Иван. Мен “Мен Иван!” дегенде, сендер атыңдар», — дейді өз сарбаздарына.
Нәтижесінде 20 кеңес солдаты оққа ұшады.
Окоптағы жалғыз қазақ
Сол кезде полктегі жалғыз қазақ солдат окоптың ішінде ары-бері еңбектеп, қатты қобалжып жүр екен. Қасындағы сарбаздар: «Әй, қазақ! Саған не болды?» — деп сұрайды.
Ол болса: «Қазір немістер “Жұмабек! Жұмабек!” деп айта ма деп қобалжып жатырмын», — депті.
Ағайын, қобалжымаңыздар.