Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды

Айдар

Балалардың төбе шашын ұзын өсіріп, кейде моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» дейді. Бұл — шаш қоюдың бір түрі.

Бұрын бұл ғұрып кеңінен қолданылған. Қазіргі кезде де жас балалардың арасында айдары бар балаларды жиі кездестіруге болады. Балаларға айдармен қатар тұлым және кекіл де қойылады.

Тұлым (ғұрып)

Тұлым қою — баланың (ұлдың да, қыздың да) кішкентай кезінде шашын түгел өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қалдыру дәстүрі. Бұл шоқтарды «тұлым» деп атайды.

Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып саналады.

Кекіл (ғұрып)

Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдірі аққудың секілдім-ай.

Халық өлеңі

Кекіл қоюда жас баланың шашын ұстарамен алып тастап, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Оның жиегін тегістеп қиып, «кекіл» деп атайды.

Кекіл балаға жарасымды ажар береді. Кекіл жылқыда да болады.

Кекілін кескен кер атым-ай,

Титтейден өскен бекзатым-ай.

Халық өлеңі