Есет атам ет асатар, Ет асатса бес асатар

Ет асату дәстүрі: үлкеннің ықыласы, кішінің ырысы

«Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.» (Жаңылтпаш)

Ет желініп болғаннан кейін, төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатуы тиіс. Бұл — үлкеннің батасы мен ықыласын, ал кішінің несібесі мен құрметін айқын танытатын халықтық ғұрып.

Бұрындары жас балалар «ет асаймыз» деп, қонақ келген үйдің маңайында айналсоқтап жүретін. Өйткені ет асату — тек дәм тату ғана емес, жақсылыққа ниеттену, үлкеннен өнеге көру деп қабылданған.

Жазушы тәжірибесіндегі жалғас

Мұндай халықтық дәстүрді жазушы Сәбит Мұқанов кеңінен насихаттап, күнделікті өмірінде қолданып, жалғастырып отырған.

«Келіп менің бата алып, көп жасағым,
Өз қолынан Сәбеңнің ет асадым.»
С. Мәуленов