Әкемнің асын тойға айналдырған, Сендерде туған елім бар кұдірет

Үші, жетісі, қырқы және жылын беру

Ересек адам қайтыс болғаннан кейін марқұмды еске алу рәсімдері белгілі күндерге сәйкес өткізіледі. Жетінші және қырқыншы күндері аруаққа бағыштап дұға оқылып, еске алу жиыны жасалады. Еліміздің кей өңірлерінде үшінші күні (үші) және жүзінші күні (жүзі) де аталып өтеді.

Бұл күндері арнайы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын-туыс, көрші-қолаң жиналады. Дұға оқылады. Бұрын келе алмағандар мал әкеліп, бата жасап, көңіл айтады.

Жиын барысында жоқтау айтылады, марқұмның жақсы істері мен адамдық қасиеттері сөз болады. Кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде естеліктер айтылып, жақындарына тілектестік білдіріледі.

Жылын беру

Адам қайтыс болғанына бір жыл толғанда жылы беріледі. Бұл күні де дұға оқылып, марқұмға соңғы мәрте көпшілік болып құрмет көрсетіледі. Бұдан кейінгі еске алуды отбасы өз ішінде жалғастыра береді.

Жылынан соң қаралы үй біртіндеп қалыпты тіршілік ырғағына көшіп, өмірдің алуан ісіне қайта араласады.

Тарихи сипат

Бұрын ауқатты адамдар пайғамбар жасына келген атақты әкелерінің жылы толғанда ас берген. Ондай ас үлкен жиынға айналып, елдік басқосу, той тәрізді кең көлемде аталып өтетін.

Баласы Шашамбайдың Рахмет, Айтыпты қос мергенге біраз тілек.
— Әкемнің асын тойға айналдырған,
Сендер де, туған елім, бар құдірет.

С. Тұрғынбеков