Әруақтарым, қолдай гөр
«Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!» — деп баланы шақырып, айғайлай бастайды (М. Әуезов).
Бұл — адам қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда немесе жаны қысылғанда Алланың атымен айтылатын құдайы ниет, тілектің бір түрі. Мұндай жағдайға тап болған кісі «Ақсарбас» сөзін үш рет айтуы керек деп есептеледі.
Құдайы беру дәстүрі
Аман қалған адам осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы береді. Бұл — амандыққа шүкіршілік ету, жақсылықтың садақасын жасау және көпшіліктен бата алу ниетімен орындалатын ғұрып.
«Ақсарбастың» түрлері
Дәстүр бойынша, «Ақсарбастың» үш түрі бар: бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа.
Бозқасқа
«Бозқасқа» делінсе — қой сойылады.
Көкқасқа
«Көкқасқа» делінсе — жылқы сойылады.
Қызылқасқа
«Қызылқасқа» делінсе — сиыр сойылады.
Осылайша, мал сойылып құдайы беріліп, көпшіліктің батасы алынады. Бұл ырым бүгінгі күнде де қолданыстан қалған жоқ.