Ғұмыр берсең бақытты ғып бер, Дәулет берсең қайырлы тақытты ғып бер

Сұрасаң бата берейін,
Ықыласпен қол жайсаң,
Үстем болсын мерейің.
Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Уа, Жаратқан, жарылқа!
Мезгілсіз келер өлімнен сақта,
Кездейсоқ келген келіннен сақта
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта,
Аяқ астынан келетін
Бәле-жаланың бәрінен сақта!
...............................................

Пейіліңе қонақжай,
Бата берем, қолың жай:
Ақ жарылған жүрегің,
Қабыл болсын тілегің.
Бізге сойдың қой,
Үйіңнен кетпесін той.
Қызығына қанып,
Ішпей-жемей той.
Бізге астың бас,
Берсін саған ұзақ жас.
Ауыздықтап асауды,
Асудан асуға ас!
Сыйлап бердің етіңді,
Жарылқасын бетіңді.
Енді әкелдің сорпаңды,
Орындатсын қолқаңды.
Рахмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз!
....................................................
Маған жаптың шапан,
Көңілде болмасын қапаң.
Маған мінгіздің ат,
Қыз ұзатып, қызығына бат!
Маған атадың жол,
Ұл есіріп, мәре-сәре бол!
Маған бердің ет,
Келін түсіріп, тілегіңе жет!
Маған бердің сауға,
Басың түспесін дауға!
Алдыма салдың мал,
Алладан рахмет ал!
................................
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең,
Тепкілесе кетпесін!
................................................

Адалдық берсін асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Топқа түсіп, тойлы бол,
Нөкер ертіп қасыңа.
Қозыларың жамырап,
Қотаныңа сыймасын.
Құлындарың құлдырап,
Құла түзге сыймасын.
Келелі түйөң қаптаған,
Қаратауға сыймасын.
Ақтылы қойың адалдан,
Алатауға сыймасын.
Көкалалы көп жылқың,
Көкшетауға сыймасын.
Ұл мен қызың тең өсіп,
Ұлытауға сыймасын!
........................................
Бар екен деп тасыма,
Жоқ екен деп жасыма,
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жүз бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп.
Аузыма түскен батаның,
Жатырмын бәрін төпелеп!
Көтердік, міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңың
Батыр болсын жүректі.
Боршыл-боршыл бөдене,
Бөденедей шоршып жүр.
Құмда қойың жайласын,
Арқада жылқың жайласын.
Қазы менен қартасы,
Құйрық пенен бауыры,
Қызығыңа арналсын.
Тәңіршөрген дәулетің,
Тепкілөсе қөтпесін.
Ішкенің қатық болсын,
Несібең артық болсын.
............................................
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Аптыннан – жағаң болсын,
Күмістен - тағаң болсын.
Оң жағыңнан кетпесін,
Күрпілдек қара сабаң.
Жортсаң жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын.
Тілеуің қабыл,
Мұратың асыл болсын.
.............................................
Әуелі Құдай оңдасын,
Сонан соң Қыдыр орнасын.
Тоқсан інген боталап,
Тоғыз келін қомдасын.
Ұлың он шақты болсын!
Қызың моншақты болсын!
Қазаның қаспақты болсын!
Сиырың баспақты болсын!
Беделің тасып өрлесін,
Ошағың мәңгі сөнбесін.
Адал болсын алғаның,
Балды болсын бармағың.
Артсын бедел, салмағың,
Аман болсын мал-жаның,
Көбейсін жекжат-сүйегің,
Қажымасын жігерің!
Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсын қайратың.
Гұлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың,
Бата дедің маған,
Бақ дарысын саған.
Дастарханыңнан кетпесін,
Адал тапқан тағам.
........................................
Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін!
............................................
Қазаныңнан ас кетпесін,
Үйіңнен қонақ кетпесін.
Қазаның майлы болсын,
Қонағың жайлы болсын.
Абырой берсін,
Сақтағаның бұлды болсын,
Көлінің ұлды болсын!
Ұзақ ғұмырлы болсын,
Бата берген қонақтың
Дұғасы қабыл болсын!
Жортқанда жолың болсын,
Қызыр Ілияс жолдасың болсын!
Мәртебең таудан ассын,
Байлығың судай тассын.
Қойларың егіз туып,
Бізге сойған қозыңның орнын бассын.
.............................................
Ауылдарыңыз малды болсын,
Жылқыларыңыз жалды болсын.
Азаматтарың аянбай еңбек етіп,
Ағайынның алды болсын!
Бақ берсін, бала берсін,
Ақылды болсын, дана болсын.
Ұзақ өмір және берсін,
Қайырлы бақыт, тұрақты дәулет берсін.
Дастарханың майлы,
Көңілің жайлы болсын.
Келінің келісті,
Ибалы, инабатты болсын.
Аспан ашық болсын,
Жанға тыным болсын.
Өміріңе не тілесең,
Тілегің қабыл болсын!
.......................................
Ақсақал деп ардақтап.
Сұрасаң бата атаңнан:
Ер көгерер деген бар,
Үлкендерден бата алған.
Жер көгерер деген бар,
Жаңбырменен қашаннан.
Менің берер алғысым
Қалдырмасын қатардан.
Алғаныңмөн қоса ағар,
Түйелерің шудалы
Асқар таумен талассын.
Жылқыларың жүйрік боп,
Ұшқан құспен ұлассын.
Отбастарың аман боп,
Үйіңнің арты тозаң боп,
Жасқа жас қосылып,
Тойың тойға ұлассын!
..........................................
Үй іші, ауыл-аймақ аман болсын,
Тыныштық баршамызға заман болсын
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартулы дастарханың тағам болсын.
Осы үйге сұлу мінез келін берсін.
Келінгө адал ниет, пейіл берсін.
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
.............................................
Әумин десең маған,
Бата берейін саған.
Бас берсе - тұрарынан,
Мал берсе - құрарынан.
Түндегінің тыныштығын берсін,
Күндізгінің ырыстысын берсін.
Құдайым, көп бер,
Қазынаңнан жеткер!
Құдайым, малды қыл,
Тамам жұрттың алды қыл!
Малға өріс берсін,
Бейбіт қоныс берсін!
......................................
Дәулетің көп болсын,
Перзентің көп болсын.
Басың көп болсын,
Асың көп болсын,
Жасың көп болсын,
Досың көп болсын!
Қырманың қырдай болсын,
Жүзің нұрдай болсын.
Саған қастық еткөн дұшпанның
Үйінің сырты сұрдай болсын,
Құлақ-мұрны жұрдай болсын.

Кудайы бергенде

Осы қылған құдай жолыңыз,
Халықтың апды болыңыз,
Жұрт жиналсын тойыңа.
Ұйяласын періште,
Сақалың мен мұртыңа.
Хандай болсын қадірің,
Халық, қарындас жұртыңа.
Мәдинеде Мұхаммед,
Тұркістанда Қожахмет,
Мұхаммед, болғайым
Мынау ұмметіңе жар мәдет.
Бұл дүниеде жиғанды айт.
Ақиретте иманды айт.
Екі дүниенің абыройын берсін,
Төрт ТҮЛІК малға жарытсын.
Алғаныңмен қоса қарытсын.
Төрт ТҮЛІГІҢ өсе берсін,
Жұртқа арнаған ниетің,
Ата-бабаңа тие берсін!
...........................................
Е, Құдайым, оңдасын,
Оң жолыңа бастасын,
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Мал иесі Мұхаммед!
Жан иесі қазірет,
Не тілегін әзір ет,
Еткен тілегін қабыл ет!
......................................



Атқа мінгізу

Жасыңды санап қарасам,
Биылғы жыл бестесің.
Зейнеттепті порымдап,
Тепкішектің кестесін.
Үкілеулі кер бесті,
Тақымыңнан кетпесін.
Қалаулы елдің ұлы бол,
Атақ-даңқың өшпесін.
Төгілген жорға мінгенің,
Жібек, мақпал кигенің.
Оқалаулы үзбесі,
Жарқыраған түймеңнің.
Өмірлі бол, қарағым,
Таудай болсын талабың!
Қар үстінде от жанар,
Қалаушы тапса қалауын.
Бақыт қонып басыңа,
Аулақ болсын ажалың.
Беделді болып еліңе,
Өтімді болсын базарың.
Өрге ЖҮЗСІН өнерің,
Сынбасын сағың, ажарың.
Өз құрбыңның алды бол,
Бақытты бол, малды бол.
Жас берсе бірге бақ берсін,
Жарылқап тәуір нақ берсін.
Қайырыңды ел көріп,
Жомарт деген ат берсін.
Ата-баба әруағы қолдасын,
Қыдыр болсын жолдасың.
Қырық шілтен, ғайып-ерен,
Қорғаштап сені қолдасын.

ЖЫРАУЛАР МЕН ШЕШЕНДЕР БАТАЛАРЫ
Имам Мухаммад Ахмад әл-Ғаззалидің батасы

Ей, Пәруердігер, рахым ет,
Жақсылығыңды жақын ет.
Мейірім-шапағатыңмен,
КҮНӘМІЗДІ ғафу ет,
Мұратымызды асыл ет.
Зияныңнан әрдайым,
Пайдамызды асық ет.
Кемел дидарыңа,
Жан-дүниемізді ғашық ет.
Рахым жаңбырыңмен жуып,
КҮНӘМІЗДІ жеңіл ет,
Сауабымызды басым ет.
Кетпес дәулет, кең пейілді,
Жан-тәнімізге хасіл ет.
Аманатыңды асан алып,
Иманымызды кәміл ет.
Адаспайтын ақ жолды,
Дін Исламға ашық ет.
Ата-ана, аға, іні,
Қарындас, қауым, момыннан,
Жаһәннамаңды қашық ет.
Нұрлы жамалыңды көретін,
Жәннат жайын нәсіп ет!

Сегіз Серінің жаңа туған сабиге берген батасы

Отырып тойда көңіл шат,
Тумаға арнап қойды ат.
Тіледің, бата берейін,
Жиналған көп азамат.
Ашып бебек ұйқысын,
Тілегіме ұйысын.
Айтылған бата сөздерім,
Құлағына құйылсын.
Асан Қайғы бабадай саналы бол,
Ғаріпке әз Жәнібектей паналы бол.
Керейде Дәстем салдай бағалы бол,
Атақты Келден бидей балалы бол.
Ер Дәулендей халқыңның батыры бол,
Махамбеттей жұртыңның ақыны бол.
Дау-жанжал болдырмасқа ат салысқан,
Қараменде шешендей мақұлды бол.
Маралдай көпке тисін шарапатың,
Шөңкедей арта берсін салтанатың.
Жетім-жесір, жарлыға пана болған,
Жоландай елге тисін шапағатың.
Үш ЖҮЗДІҢ Абылайдай тілегі бол,
Марабайдай ақыны - жүрегі бол.
Еліңе Жаңатайдай айтулы бол,
Қобыланды батырдай білегі бол.
Қазыбектей халқыңның данасы бол,
Қарабастай жұртыңның бабасы бол.
Елін қорғап, дұшпанға соққы берген,
Үш ЖҮЗДІҢ Бөгенбайдай панасы бол.
СҮЙІНДІК Олжабайдай келбетті бол,
Тәтіқара жыраудай зейнетті бол.
Сыбан Шоңдай өліңнің сен ұйшысы,
Тәттімбеттей халқыңның КҮЙШІСІ бол.
Белгібай, Құлекедей білекті бол,
Беріште Исатайдай жүректі бол.
Халқының қамын жеген ертелі-кеш,
Қарауыл Қанай бидей тілекті бол.
Тоқсан бидей көп жасап, жүзге келіп,
Зілқарадай мал-басың өсіп-өніп,
Кетпес байлық, таусылмас қаржылы етер,
Тұсіңде көмек берсін қыдыр келіп.
Жыраудың Бұхар сынды өрені бол,
Сансызбайдай ғаскердің керегі бол.
Алды-артын ойлап кесіп-пішетұғын,
Адамның Қарабидей зерегі бол.
....................................................
Сарым Шабанбай карттың Жанғүттыға берген батаcы

Жарығым, Жанғұтты балам,
Аллаға жағамын десең,
Аузыңда азаның болсын.
Адамға жағамын десең,
Асулы қазаның болсын.
Көнбістігің жердей болсын,
Бәрімізді кетерген.
Тазалығың судай болсын,
Кірімізді кетірген.
.................................................

Төлеукыз Байтаскызының батасы

Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын. '
Байтаққа бас қылсын. ,
Руға ата қылсын,
Малды қылсын.
Өмірің ұзақ жасты қылсын,
Ырысты, имамды қылсын.
Көгенің бұршақты болсьін,
Балаң он шақты болсын.
Сегіз жүз қой қоздасын,
Сексен тұйең боталап,
Босағаңда боздасын.
Құдайым берсін,
Айтқаным келсін!
..........................................

Байдалы бидің Қанжығалы
Қамен биге берген батасы

Қамен, жайшы қолыңды,
Алла оңғарсын жолыңды.
Абиыр мен бағыңыз таудай болып зорайсын,
Перзент пең дәулетің көлдей болып молайсын.
Арқадан асқан Абылайдай бол,
Бұқардан асқан Даниярдай бол.
Ақсақалдан бата алсаң,
Қызыр болар жолдасың.
Қауіп пенен қатерден,
Әулиелер қорғасын!
...............................................

Шағырай бидің батасы

Дұғамды қабыл ет,
Иманымды кәміл ет.
Тозақтың отынан сақта,
Жалалы сотыңнан сақта.
Әрбір пәлеңнен сақта,
Айтса жөнге көнбейтін,
Көк дауыл қатыннан сақта,
Мезгілсіз өлімнен сақта,
Керауыз кербез келіннен сақта.
Ұятсыз қыздан сақта,
Татымсыз тұздан сақта.
Қайырымсыз ханнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта.
Ғұмыр берсең бақытты ғып бер,
Дәулет берсең қайырлы тақытты ғып бер.
Қатын берсең құнықты ғып бер,
Қыз берсең қызықты ғып бер.
Ұл берсең ырысты ғып бер,
Келін берсең кең пейіл ғып бөр.
Тірісіне тұрақ бер,
Өлісіне жұмақ бер.
Сұраушыдан сөз қалған жоқ,
Бас-аяғын құрап бер.
Ханның тақытын берсін,
Халықтың қамын жесігі деп.
Игі жақсының бақытын берсін
Ынсаппен ғұмыр кешір деп.
Бидің әділ төресін берсін,
Озбырдың құты қашсын деп,
Кәрінің ақыл, кеңесін берсін,
Кәріптің көңілі тассын деп.
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болып
Жас қосылсын жасыңа.
Оңға басса талабың,
Кеуіп босқа тасыма.
Тайып кетсе табаның,
ЖҮНЖІП бекер жасыма.
Арам ойлы арсызбен,
Бола көрмө ашына.
Алды-артыңды ойламай,
Іс қылмағай асыға.
Жолдас боп ер парықтап,
Жақсы адамның қасына.
Сонда жаның жай тауып,
Бас қосылсын басыңа.
Ас қосылсын асыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
.......................................
Халқыңа жайлы бол,
Судай таза бол.
Желдей жүйрік болып,
Өмірің ұзақ болсын.
Аймағың суат болсын,
Сөзің халқыңа қуат болсын.
Халқыңның қалаулысы бол,
Балапандарыңның қорғаны бол!

Еңбек ардагері, журналист-жазушы
Амантүр Әбішұлы Мүсатегінін батапары.

Жаңа отауға кірерде беріпетін бата

Құтты қоныс тұғыр болсын,
Махаббаттары берік те баянды,
Дендері сау, ұзақ ғұмыр болсын.
Бастарына бақ қонсын,
Жаратқан Ием жақ болсын.
Өмірлері шат, көңілді болсын,
Ағайын, туыс, жекжатқа пейілді болсын.
Үлкенге ізетті, кішіге мейірлі болсын.
Қарт пен кейуана бағу әдөт болсын,
Сынық мінез, иба-инабат, адеп болсын.
............................................................
Ия, Пәруердігер Алла, бұл екі үмметіңе:
Өмір бер, бірлік бер, ынтымақ бер,
Бақ бер, береке бер, ырыс-құт бер,
Ырзық-несібө бер, сау-саламаттық бер!
Алланың бергеніне, болғанға, толғанға,
Тоба-тоба, шүкір-шүкір дер!
Бас бер, ақыл, жүрек бер, түсінік бер,
ТҮЙІН бер, тектілік бер, ТҮЙСІК бер.
Тектілік бер, бекзаттық, кісілік бер,
Қанағат бер, ынсап бер, кішілік бер
Ия, Алла, не берсең де адалынан бер,
Ақтан бер, басына амандық бер,
Асына адалдық бер.
Үбірлі-шүбірлі әулет бер,
Мал-дәулет, сән-сәулет бер
Асқақ арман, келешегіне мәулет бер.
Ия, жаратқан Ие:
Айдан аман, жылдан есен сақта,
ЖҮЗ бір қатерден сақта.
Мың бір пәле-жаладан сақта.
Сайтанның азғыруынан сақта,
Жазықсыз жазғырудан сақта.
Тілсіз жау: оттан, судан сақта,
Тілден, көзден, сұқтан сақта.
Татымсыз тұздан сақта,
Қадірсіз кәдеден сақта.
Ашу мен ыза, өш болудан сақта,
Тұзы жеңіл, еңбегі еш болудан сақта.
.................................................

Ия, Алла, хазіреті Мұхаммед!
Ақ тілегімізді қабыл ет,
Ниетімізді кәміл ет.
Мұратымызды әсіл ет,
Жақсылықты нәсіп ет.
Жаңа отау көтерген екі жастың:
Шаңырағын биік ет,
Керегесін кең ет.
Босағасын берік ет,
Табалдырығын киелі ет.
Өмірлерін жарасты да ұзақ ет,
Бақытты да мұратты ет.


Баланы алғаш атқа мінгізгенде берілетін бата

Құтты болсын, қарағым,
Жігіт болған бестесің!
Үкіленген кер бесті,
Тақымыңнан түспесін.
Елдің сүйген ұлы бол,
Атақ-даңқың өрлесін,
Жамандық саған келмесін.
Ғұмырың мөнді, өмірлі бол,
Ата-анаға мейірлі бол.
Ақылға алғыр, сөзге жүйелі бол,
Көпшіл, елдің жанкүйері бол.
Өркенің өсіп, өрісің кеңейсін,
Ат жалын тартып, мінгеннен,
Халықтың қамын жегейсің.
Алла тілегіңді берсін,
Соңыңнан мың қол ерсін.
Құдай абыройыңды асырсын,
Жұлдызың жанып, бағың ашылсын!

..............................................



Ұқсас жұмыстар

Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
Қамар сұлу
Дін және жастар тәрбиесі
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары
Алпамыс батыр
Қазіргі қазақ поэзиясы
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Қазіргі айтыс ақындарының сөз қолданымы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
САРЫҰЛЫ АҚТАНБЕРДІ
БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ
ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Берелдің берері берекелі
Қазіргі кездегі қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемалар