Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтеген өз қолдарымен қойып жатып Аманат, Аманат
Аманат қою: уақытша жерлеу дәстүрі
«Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтеген өз қолдарымен қойып жатып: “Аманат”, “Аманат!” — десті» (М. Әуезов).
Аманат қою — әзірге уақытша жерлеу мағынасын білдіретін ұғым. Марқұмды туған жеріне апару мүмкін болмаған жағдайда, дене белгілі бір мерзімге аманат етіп қойылады да, кейін жағдай түзелген соң өз жұртына жеткізіліп, қайта жерленеді.
Қандай жағдайда аманат қойылады?
Бұл көбіне қатты қыс, жолдың жабылуы немесе ауа райының қолайсыздығы сияқты кедергілерге байланысты жасалған. Бұрын мұндай жағдай қазақ арасында жиі кездескен.
Тарихтан мысалдар
-
Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман аманат қойылып, кейін сүйегі еліне әкелінген.
-
1913 жылы Торғай бойында аманат қойылған Күмісбай әулие 18 жылдан кейін қазылып алынғанда, оның денесінде ешқандай өзгеріс байқалмаған, бұзылмағаны айтылған.