Қазақ халісының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі
Қазақ халқының дүниетанымында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Бір тоғыз», «Үш тоғыз», «Қырықтың бірі — Қыдыр» сияқты ұғымдар осы сандық түсінікпен байланысты.
Қырқынан шығару дәстүрі
Сол киелі ұғымдардың бірі — баланы «қырқынан шығару» дәстүрі. Әдетте нәресте туғанына қырық күн толған соң, оны арнайы ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл — рәсімнің негізгі, ресми бөлігі.
Рәсімнің өтуі
Дәстүрге, әдетте, үлкен әжелер мен әйелдер қатысады. Кәде жасалып, дастархан жайылады. Бұл — жас отбасыға тілек айтып, ортақ қуанышты бөлісетін маңызды сәт.
Қарын шаштың мәні
Сәбидің қарын шашы алынып, өз киіміне не матаға оралып, тігіп қойылады. Бұның түпкі мақсаты — ертеректе суретке түсіру мүмкіндігі болмағандықтан, баланың сәби кезінен естелік ретінде сақтап қою.
Қырық күннен кейінгі өзгеріс
Қырқынан шығару салтының тағы бір маңызы бар: қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтата бастайды, айналасындағы құбылыстарды байқап, дыбысты сезінуге икемделеді. Рәсімнің астарында — баланың жан-жүйесі қалыптасып, дені сау болып өсуіне бағытталған ақ тілек жатыр.
Терминді дұрыс қолдану
Бұл жерде «қырық» сөзіне мән беру маңызды. Қайтыс болған адамның да «қырқы» беріледі. Алайда балаға қатысты «қырқынан шығарылды» делінсе, марқұмға қатысты «қырқы берілді» деп айтылады. Екеуін шатастыруға болмайды.
Бала тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер
Қазақ дәстүрінде бала тәлімі мен тәрбиесіне байланысты түрлі ырымдар мен кәделер бар. Соның кең тарағандары:
- Құрсақ шашу
- Жарыс қазан
- Кіндік кесер
- Ат қою
- Бесікке салу
- Тыштырма
- Қырқынан шығару
- Тұсау кесу
- Тіл ашар
- Ашамайға мінгізу
- Аузына түкіру
- Шідерге сигізу