Толып тұрған бай қайда
Дауыс қылу: күйзелістің жыры, халықтық жұбату дәстүрі
Қатты күйзелген, өмірден соққы көрген, жақындарынан қапыда ерте айырылған мұңды адамдар кейде ішіндегі зар-наласын сыртқа шығарып, тәңірге, аруаққа, елге шағынып жылайды, зарлайды. Мұндай әрекет «дауыс қылу» деп аталады.
Дауыс қылу көбіне өлеңмен айтылады және дәстүрлі ортада ол әйелдерге тән әдет саналған.
Қоғамдық қолдау және жұбату
Дауысты естіген адамдар — әсіресе үлкендер мен әйелдер — үйге келіп, сабырға шақырып, басу, тоқтам айтады. Балалар мен туған-туысқандар да жанынан табылып, ертеңгі күнге сендіруге тырысады.
Кейде мұңға батқан адамға өзгелер де қосылып, көздеріне жас алып бірге жылайтын сәттер болады. Бұл — қайғыны жеке көтермей, ортақтасып жеңілдетудің бір жолы.
Тарихи кезеңдердегі көрінісі
Дауыс қылу, әсіресе, ел басына ауыр күн туған жылдарда кең тараған. Кешегі 1928 жылғы тәркілеу, колхоздастыру, 1931 жылғы аштық, 1937 жылғы қудалау, сондай-ақ 1941–1945 жылдардағы соғыстан кейінгі кезеңдерде халық ішінде мұндай зарлы жырлар жиі айтылған.
Толып тұрған бай қайда?
Толық сөйлер би қайда?
Жайлауымды жау алды-ау,
Қыстауымды өрт алды-ау.
Азаматым қамауда, ойбай,
Дүние, мүлкім талауда, ойбай!
Көзімнен ақты қанды жас,
Басылар ма енді бас, ойбай...
Дауыс қылу мен жоқтаудың айырмасы
Дауыс қылу мен жоқтауды шатастыруға болмайды. Екеуі де қаралы, қапалы жағдайда айтылғанымен, мағынасы мен мақсаты бөлек.
- Жоқтау — тек қайтыс болған адамға арналып айтылатын жыр.
- Дауыс қылу — адамның ішкі күйін, мұңын, шерін білдіретін, өмірдің ауыр соққыларын жоқтап шер тарқататын жыр.