Аңшылардың қысты күні күтетін сәті - сонар
Салбұрын — аңшылық сауық
Қазақтар мұндай аң аулауды «салбұрын» деп атайды («Дала уәлаяты» газеті). Бұл — аңшылықтың сауық-сайранға, ортақ мерекелік көңіл күйге ұласқан түрі.
Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуы салбұрын деп аталады. Оны аңшылық мерекесі деуге де болады.
Ортақ олжа, ортақ тәртіп
Салбұрынның өз тәртібі бар: алынған аң бәріне бірдей бөлінеді, ал ауыл ақсақалдарының жолы бөлек есептеледі.
Бұл — аңшылардың ерлігін, азаматтығын, төзімін сынайтын жол.
Қыстың күткен сәті — сонар
Аңшылардың қысты күні асыға күтетін шағы — сонар. Сонар үшке бөлінеді: ұзақ сонар, келте сонар және қан сонар. Соның ішінде ең қызығы — соңғысы.
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға» — Абай
Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде, жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрінеді. Мұндай күнді аңшылар алдын ала бағып, ізіне түскен аңды жібермей соғып алуға ұмтылады.
Сонардың «қауіпін» сезетін аңдар
Тағы бір қызығы — қасқыр, түлкі секілді аңдар сонардың өздеріне қауіпті екенін сезетіндей болады. Ондай сәтте олар апанынан, інінен немесе жатқан жерінен қозғалмай, із салмауға тырысады. Мұны аңшылар жақсы біледі.
Сонар күні аңшылар аңды дабыл қағып, айғайлап, ит қосып, өрістен үркітіп шығарады.