Ниеттері - келінге шашу шашып, құтты болсын айту
Өңір салу: жас шаңыраққа көрсетілген құрмет
Отқа шақырумен (кей өңірлерде бұл дәстүрді «үй көрсету» немесе «есік ашар» деп те атайды) бірге орындалатын тағы бір кәде бар — өңір салу.
Бұл рәсімге көбіне бәйбішелер келеді. Негізгі ниеті — келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашумен қатар олар өңір де әкеледі.
Әкелінетін бұйымдардың барлығы — отау үйге қажет, үйдің ажарын ашып, тұрмысқа сән беретін дүниелер. Сондықтан келін түскен үй бұл кәдені күтіп, қонақтардың ықыласын құрметпен қабылдайды.
Мағынасы мен мәні
Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан (яғни мата) да өңір жасауға алынады. Бұл туралы Ахмет Жүнісұлы: «Бұл да өңір» деп атап көрсетеді.
Жалпы, өңір салу — жас шаңыраққа көрсетілген құрмет әрі жәрдем. Соңғы кездері бұл дәстүрді үлкендердің өзі де ұмыта бастағаны қынжылтады.