Жігіт кетер кезде
Жиылған көпшілікке Мөнке би жұмбақ айтыпты:
- Кермиық кеңесінен қалды,
- Шалқасқа шабысынан қалды,
- Қотыр теке қой бастады,
- Тауқұдірет ел бастады,
- Ханы қайғылы болды,
- Биі бүкірейіп болды,
- Атадан ұл озды,
- Анадан қыз озды,
- Сол уақыттағы қамқа тон көнеріп, тозды.
Жұмбақтың ешбірін ешкім шеше алмаған соң, өзі тарқатып сөйлеп кетіпті:
Жұмбақтың шешуі
- Кермиық кеңестен қалса
- Ақылынан танған шығар.
- Шалқасқа шабысынан қалса
- Аузынан шалған шығар.
- Қотыр теке қой бастаса
- Қожа мен молданы құдай ұрған шығар.
- Ханы қайғылы болса
- Халықты жеп, қарны шемен болған шығар.
- Биі бүкір болса
- Сөзі азып-тозған шығар.
- Атадан ұл озса
- Еркін шығар.
- Анадан қыз озса
- Шіркін шығар.
- Қамқа тон көнеріп, тозса
- Асылдығы кеткен шығар.
«Түлкім», «сыншым», «жыршым»
Бір жігіт Мөнке биді бір көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кіргенде, Мөнке: «Түлкім, жоғары шық», — дейді.
Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөнке: «Сыншым, сөйле», — дейді. Жігіт мәнін түсінбей, үнсіз отыра береді.
Жігіт кетер сәтте Мөнке: «Жыршым, енді рұқсат. Үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт», — дейді.
Мағынасы
Жігіт сауал қояды: «Сіз маған үш сөз айттыңыз. Сол тұспалдарыңызды түсінбедім. Нені меңзедіңіз?»
Мөнке би былай деп жауап қайтарыпты: «Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірерде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым».
«Қонақ біраз отырған соң, үйдің оң жағына да, сол жағына да қарап, сынап бастайды. “Сыншым” дегенім — сол».
«Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жырға айналдырып айта жүреді. “Жыршым” дегенім — сол».
Сарқыт туралы уытты әзіл
Бірде Мөнке би өз қатарымен ойын-тойда отырғанда, бұрыннан қалжындаса беретін бір құрдасы: «Би-екем сарқытын маған берді!» — деп мақтанып, көпіре берсе керек.
Оны анау-мынау әңгімемен тоқтата алмайтынын білген Мөнке би: «Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?» — деп сұрапты.
— «Е, ешкім болған жоқ», — дейді мақтаншақ.
— «Ендеше саған бермей, итке тастасын ба?» — депті Мөнке.
Сонда құрдасы: «Биден басқа әңгіме құрып па, қойсақ қайтеді?» — депті.