Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай



Жоспар
Кіріспе
1.Ауыз әдебиеті қазақ халқының асыл мұрасы
негізгі бөлім
1.Қыз  Жібек - адал махаббат жыры
2.жырдың образдар жүйесі
3.жырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі
Қорытынды
Жырдың бүгінгі мәні

Қазақ халқына кеңінен танымал  көркем жырлардың бірі — Қыз Жібек жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

Қыз Жібек жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- Қыз Жібек екені даусыз.

Жырдың  халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның  Төлеген, Сансызбай  атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай  сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада  көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек  -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Санат: Қазақша Шығармалар жинағы
Дереккөзі: http:wwwshygarma4845-jibek.html?utm_source=ZHARAR
©



Ұқсас жұмыстар

Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Мұхтар Әуезовтың «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» мақаласы
Қобыланды батыр жыры туралы
Қыз Жібектің аулы
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Батырлар жырын оқыту
XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Ақша туралы қысқаша түсінік
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат
Экспериментке қысқаша шолу
Есептеуіш техниканың қысқаша даму тарихы
Өнеркәсіптің қысқаша сипаттамасы
Қыз Жібек бұрынғы батырлар әңгімесі сияқты жортуылшы, жорықшыл ердің әңгімесі
Қорыта айтқанда, елді жаудан қорғау идеясы - жырдың алтын арқауы
(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі) - Мектеп қабырғасында оқып жүргенде - ақ күнделік жазумен айналысушы едім