Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романы аз жылдың ішінде оқырман қауымға кеңінен танылып, халқымыздың көркемдік қазынасынан лайықты орын алды
Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан романы аз жылдың ішінде оқырман қауымға кеңінен танылып, халқымыздың көркемдік қазынасынан лайықты орын алды. Ұлпанның тарихи тұлға екені де баршаға мәлім. Оның өз әкесі Артық батыр болған, ал нағашы атасы Бөкеш бір рулы елдің төбе биі атанған. Ол жайында сол өңірдегі ақсақалдар аузында көп-көп әңгімелер мен шешендік сөз өрнектері сақталып қалған. Мәселен, Бөкеш би қартая келіп, науқастанып жатқанда оның қадірлес үзеңгілесі Мендеке өзінің үлкен баласы Шәңкіні Қайдауыл деген кісіге ертіп, көңілін сұрап келуге жібереді. Өріс-қонысы шалғайда қалған ағайынының тілектестігін ала келген екі жігіттің түр-тұлғасы мен сыр-сипатына риза болған батагөй қарт оларға:
Бастай білсең өр қалды,
Қона білсең жер қалды.
Билей білсең ел қалды,
Асқар-асқар бел қалды,
Шәңкі менен Қайдауыл,
Сендерден басқа кім қалды? –
депті ел ішінде алауыздық көбейіп, әркім әр жаққа тарта бастағанына қынжылып. Одан арғы ойын ол былай жалғастырады:
Айтатын сөзім тағы бар,
Сүйір тілді жігіттің
Сөзге біткен жағы бар,
Менің айтқан сөзімді
Жібермей желге қағып ал.
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесің?
Атасы үшін кеми ме-
Тағдырдың берген бағы бар.
Араз болса екі би,
Арадағы пасықтар
Терлеп текке сабылар.
Өнердің алды- ынтымақ,
Ынтымақты елдерге
Сыртқы дұшпан не қылар.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ЖАТ ҚОЛЫНДА РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Ана тақырыбының жазылу тарихы
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
Ғ. Мүсірепов
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ұлпанның жаратылысы басқа
Шығарманың бас кейіпкері
Ғабит Мүсірепов - портретші
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Басқару процесiнiң мазмұны
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны