Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш, Бір уыс бұйырмады топырағың
Топырақ салу ғұрпының мәні
«Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш, бір уыс бұйырмады топырағың». («Зәуреш»)
Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде қабірге топырақ салу — мән-мағынасы терең ғұрып. Жақын адамынан айырылғанда топырақ сала алмау — ел ішінде «үлкен арман болып қалды» деп күйініп, өкінетін жағдай саналған.
Марқұмға дер кезінде келіп топырақ салу — адамның ниетінің тазалығын, көңілінің жақындығын білдіретін белгі. Сондықтан жұрт «туған жерінен топырақ бұйырсын» деп тілек айтып, бұл рәсімді аманаттай қастерлеген.
Айтылатын сөз
Топырақ салушылар марқұмға: «Топырағың торқа болсын» деп бата-тілек айтады.