Бір сағаттан бір сағат



Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса туар — артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңлім сенен айрылмас.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді
Иiскер ме едім жалаңаш?
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззет алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ыхлас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас.
Етің, етке тигенде,
Демің, тиіп сүйгенде,
Тән шымырлап, бой ерiп,
Ішім оттай күйгенде.
Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқармын,
Жарастықты шүйгенде.
Қылығыңда жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат,
Ыстық тартып барасың
Бір сағаттан бір сағат.
Сіз — қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді, бер қарат,
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!

Санат: Қазақша Өлеңдер жинағы
Дереккөзі: http:wwwolen1778-kalamkas.html
©



Ұқсас жұмыстар

Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Жұмыс уақытының ұғымы
Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
Жұмыс уақыты ұғымы
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Сағатпен есептелетін мерзімдер
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері туралы
Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу
Жұмыс уақытының режимі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы