Украин
Өмірбаяндық деректер
Чуйков Егор Сергеевич (1915, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жайнақ батыр ауылы — 18.05.1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. Ұлты — украин.
- Туған жері
- Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жайнақ батыр ауылы
- Қайтыс болған жері
- Ресей, қазіргі Санкт-Петербург
Еңбек жолының бастауы
Орта мектепті аяқтағаннан кейін ұжымшарда еңбек етті. 1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.
Хасан көлі маңындағы қақтығыстар
1938 жылғы 29 шілде — 11 тамыз аралығында Хасан көлі маңындағы қақтығыстарға қатысты. Осы ұрыстардағы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Чуйковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табыс етілді (25.10.1938).
Марапаттары
-
Ленин ордені
-
Отан соғысы ордені (I дәрежелі)
-
Отан соғысы ордені (II дәрежелі)
-
«Алтын Жұлдыз» медалі (Кеңес Одағының Батыры белгісі)
Әскери білім және қызметі
Ленинград қаласындағы (қазіргі Санкт-Петербург) Әскери-саяси училищені бітірген соң, Чуйков әскери қызметін Қиыр Шығыста жалғастырды. 1945 жылы ол 1-Қиыр Шығыс майданында батальон командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.