Сендерді қамтамасыз ету үшін, Еңбекті үдетеміз жалықпастан
Бауырым, денің сау ма, Ахметжан!
Халқыңды жауынгерім мақтандырған.
Жарың жайнап, бауырлар гүлдей күліп,
Жас қырандай түледі алтын анаң.
Ту тігіп, туған жерің Баянаула,
Шаттанып ер ұлына, аспандауда.
Масатпен жігерленед қазақ халқы
Оғыңның үнін естіп атқан жауға.
Жауынан жасқанған жан ер бола ма,
Еріне сүйінбеген ел бола ма,
Отан үшін, келешек бақыт үшін,
Отты бол, ер жүрек бол, қорғалама!
Орденің Жұлдыз, айға шағылысқан,
Сәулесі келіп түсед - бізге алыстан.
Сендерді қамтамасыз ету үшін,
Еңбекті үдетеміз жалықпастан.
Ақындар қаламынан бал тамызып,
Айтысып, шаруа, өндіріс күшін жазып,
Тылда да, майданда да шабыт беріп,
Кербез ән, күй сайрауда жаныңа азық.
Көп сәлем достарыңа ақын жаннан,
Шертілді жүрек қылы қуанғаннан,
Ерлерім! Жауды құртып, сау қайтыңдар,
Баса бер сағат сайын алға таман.
Мерекелер жайлы
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмысын ұйымдастыру
Тақырыптық кештердің сценарийі мен режисурасы
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
Мұхтар Әуезов-Еуропа классикасын аудармашы, ұлы жазушы
Байсерке
Балмұздақ өндірудің технологиялық процесі
Шешен сөйлеу - дикторға тән қасиет
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Жамал-заман шындығын бейнелеген кейіпкер
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ЖӘНІБЕК
ҚҰТТЫМБЕТҰЛЫ НАУРЫЗБАЙ
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер