Бәйтеректің басына қонды шымшық, Табанында қалғандай болды қырсық
Балапан, темір қанат, қызыл тұмсық,
Қауырсын қатып болмай қара қылшық,
Сайрағаны бір күндер сәтті шығып,
Көп аузына ілінді бала шымшық.
Қызғыш айтты: "Теңіздің толқындарын,
Көрген едім тасқындап соққан жарын,
Биік тұрып сайрарлық дәл осы үнде,
Байқап тұрмын бір ғажап толқын барын.
Шағала айтты мен де бір шағаламын,
Талай шалқар көлдерді жағаладым.
Талай нәзік, сазды әндер тыңдап едім,
Сондай ырғақ барлығын шамаладым.
Соңғы сөзді бір кәрі тауық айтты:
Десіп жатты шуылдап: "Тауып айтты!"
"Біз атақты әншінің біреуі едік,
Қашаннан келе жатқан аруақты.
Менімше де бұл шымшық нағыз дарын,
Үнінде жоқ баяғы ескі сарын,
Бір шынарға қондырып шіркін өзін,
Тарқататын әнші екен жан құмарын "
Десіп түгел шуласып, гуілдесті,
Дастарханның үстінде бәрін шешті,
Бірі демеп қолтықтан, бірі сүйеп,
Бәйтеректің басына көтерісті.
Бәйтеректің басына қонды шымшық,
Табанында қалғандай болды қырсық.
Көкке тұмсық көтерді сезбесе де,
Ненің исі, — деп қойып, бұл тымырсық?"
"Әншілер - ай, бүлдіріп, ескі кексе,
Қадалып жүр қалмастан тікенек,
Буындары сыртылдақ, қара дүрсін,
Шумақтары шұбалаң жуан бөксе..."
Көрем, әне, төбелер тықыр болған,
Білем, әне, мүйіздер тұқыл болған,
Таңдайында түк тәтті нәр қалмапты,
Елеңдетер құлақты тықыл қалған.
Міне, біздер сайрайтын "жаңаша",
Бүкіл әлем тыңдарлық тамашалап,
Дегенді айтып жіберді бала шымшық,
Көптен шығып алды да оңашалап.
Бірақ, әрі бәрібір ұша алмады,
Қайтып жерге биіктен түсе алмады,
Қондырғандар қолпаштап тарап кеткен
Жылы сөздің бірі жоқ ұшардағы.
Өзі шықпай өнердің биігіне,
Өзі тауып сүңгімей тереңіне,
Демеу, сүйеу, қолпаштау қондырғыға,
Қона қалу орынсыз, керегі не?
Еңсеп. Әңгіме
Көркем бейне және оның жасалу жолдары
Оралхан Бөкей әңгімелерінің ерекшелігі
Мұқағали Мақатаев жайында
ӘМІР ТЕМІРМЕН ҰСТАСЫП НЕҢ БАР, ХАНЗАДАМ
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
Сары торғай өте әдемі құс
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі
Теңіз сорапты штангілі қондығылармен жабдықталған ұңғылардың жабдығын таңдау және технологиялық жұмыс режимін орнату
Газды-сұйықты өнімнің атқылауын болдырмау үшін ұңғы сағасын жабдықтау жүйелерін зерттеу және жетілдіру
Бұрғы қондырғыларының қозғалтқыштарының қазымдалған газдарының жылуын кәдеге асыру
Елбасынан үлгі алам
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 - жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен
Мектептің 7 - сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды
Ауылдың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін Мәшекеңнің бейітінің ойдағыдай бітуіне тілектес болды десем артық айтқандық болмас
Жылу энергетикалық қондырғылар
Жігіт аруақ - жігіттің аулына келіп қонды
Кенет терезе торына әлдебір құс келіп қонды