Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама

Білім беру гранты: конкурс жарияланды

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) дербес білім беру ұйымы жаңа оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында 7-сыныптарда оқу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Физика-математикалық бағыт

Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент.

Химия-биологиялық бағыт

Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент.

Маңызды

Орта білім беретін ұйымдардың 7–11(12) сыныптарын толық аяқтаған үміткерлердің Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға құқығы жоқ.

Қатысу үшін қажет құжаттар

Іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер төмендегі құжаттарды тапсырады. Құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс.

  1. 1

    Байқауға қатысуға өтініш

  2. 2

    Сауалнама

  3. 3

    Жеке деректер құжаттары

    • Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    • Үміткердің ЖСН;
    • Бар болса, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • Заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
  4. 4

    086/у нысанындағы медициналық анықтама

  5. 5

    Тұрғылықты жері бойынша анықтама

  6. 6

    Үлгерім мен тәртіп туралы мәлімет

    Соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Егер үміткер оқу жылын аяқтамаған болса, оқу жылының I жартыжылдығындағы үлгерімі мен тәртібі көрсетілген табель көшірмесі қажет.

  7. 7

    3×4 фотосурет — 2 дана

Тестілеу күні

Тестілеу 11–12 наурыз күндері өтеді.

Толық ақпаратты www.nis.edu веб-сайтындағы «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.