Бөкен тонын жамылса, Көкірегі қабынса, Теріс қабаққа бағынса, Ажалы жеткен майталман, Көп ұзамай табылса, Бұл - сұр мергеннің реті

Бөкен тонын жамылса,
Көкірегі қабынса,
Теріс қабаққа бағынса,
Ажалы жеткен майталман,
Көп ұзамай табылса,
Бұл – сұр мергеннің реті.
Сұрқыл болса заманға,
Зирек болса қаламға,
Қаламы түссе базарға,
Қаламымен қас болған
Қалынса үлкен зарарға,
Бұл – заңғойдың реті.
Ер жігіт елін меңгерсе,
Жетімдерге жем берсе,
Жесірлерге жер берсе,
Алдында тентек жөнделсе,
Әділдігін ел көрсе,
Бұл – азаматтың реті.
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін
Ретімен сәндесе,
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Төмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса,
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде танбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса,
Пікірге кәміл жұрт озған
Бұл – шешеннің реті.



Ұқсас жұмыстар

Кейкі батыр
Еңсеп. Әңгіме
Аңызға құрылған хикаяттардың оқиғалар желісі
М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев
Төле бидің сөзге тоқтауы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Еңбек ресурстар нарығы мен оның құрылымы
Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сұраныс пен ұсыныстың нарықтың әр түрлі құрылымындағы тауар бағаларын анықтау факторы ретінде
Ұсыныстар портфеліне кіретін бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалау және жіктеу
Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі