Сенсіз өткен тілдеймін түндерімді, Сенсіз өткен күндеймін күндерімді

Алғашқы SMS хат
Өткен іске өкініп, өлесің бе?!
Басқа салса, бәріне көнесің де.
Басқа бір жан, жат өзек бақытым ба,
Бақытсызбын, осыған сенесің бе?!

Түсін, жаным,
Мен бәрін түсінемін,
Түсінуге жаралған кісің едім.
Соңғы сөзім ұласып күрсініске
Соңғы рет бір қолыңа түсіп едім...
(Түуф! сол кезді несіне еске түсіремін?!)

Көзден ақса мөп-мөлдір бұлақ – қайғым,
Сабырыма бас ұрып тұрақтаймын.
Сені ойлаймын, білмеймін, неге ойлаймын,
Сенен басқа ешкімді ұнатпаймын!

Сенсіз өткен тілдеймін түндерімді,
Сенсіз өткен күндеймін күндерімді.
Сезім суып, ой ұлып, көңіл өксіп,
Өзімді емес, сүйретіп сүлдерімді,
Кеше тағы базарды араладым,
Қара базар ─ ұясы бал араның.
Қарсы алдымнан қырсығып қарсы шықтың,
Қасарысып әдейі қарамадым.
Қа-ра-ма-дым!!!

Содан кейін түтіп жеп қалың күдік,
Бағым жылап тағы да, сорым күліп,
Арымдағы мұңайтып Періштемді,
Қанымдағы Ібіліс қағындырып.
Сүймеймін ─ деп,
Сүй-мей-мін ─ деп, бір кезде көкіп едім,
Толып кетті құсаға көкірегім.
...Телефоннан бұл хатты өшірсең де,
Жүрегіңнен өшірме, өтінемін...



Ұқсас жұмыстар

Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Қазіргі дәуірдегі түрік әдебиетіндегі поэзия
Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі
Дубляж және дыбыстандыру
Өлеңдер жинағы
Мұхаббат - наме дастанының кіріспесінде ақын
Өлең сөздің патшасы
Уақыттан бас тарту
Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері. (Терминологиялық сөздік құрастыру)
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз
Қазақта елін, жерін жанқиярлықпен қорғап өткен батыр ұлдары мен батыр қыздары жетерлік
Елім деп еңіреп өткен есіл елдің сүйегі күні бүгінге дейін Калуга топырағында
 Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты
Оған бабаларым жүріп өткен тарих беттері куә
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті
Өткен заманда бір тазша болыпты
Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты
Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті
Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) - сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы