Бақшада торыққан торы күз

Батыста күрсініп күрең Күн,
Бақшада торықты торы күз.
Аспаным, о, неге түнердің???
Жай ғана елеспіз бәріміз.
Айтылмай қалды ма жан сырың?!
Мұнарлы, мұңлы мекенім.
Мен бүгін қоңыр көз тамшымын,
Иә, ертең буланып кетемін.
Аялда, аяулым, өтінем...
Жаныңды жаныммен сезініп,
Ойыңды ойыммен көрейін.
Болмаса, бүлкілдеп көмейім,
Тізерлеп отырып түнімен,
Дұға оқып берейін...
Сөйлеші, жаңбырдың тілімен.
Сен жаққа қарайлап жүреді,
Құдайға сыйынып жүрегім.
Кәусарға зарыққан үнемі,
Түз мінез, таулардың ұлы едім...
...Күллі әлем және сен. Күрең Күн.
Бақшада торыққан торы күз...
Уақытқа жұтылған жұлдыздай,
Қайда ағып барамыз бәріміз???



Ұқсас жұмыстар

Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Балалар балабақшасында өсірілетін өсімдіктер және олардың ерекшелігі
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу жолдары
Жемістер үлкен қызыл
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
Ауыз әдебиеті үлгілері және олардың балалар бақшасында пайдалану
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
Сұраныс пен ұсыныстың нарықтың әр түрлі құрылымындағы тауар бағаларын анықтау факторы ретінде
Мәдениет, салт-дәстүрлер денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы
ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
Құжаттарды баспаға шығару
Мұнай газ секторы
Электрлі энергетикалық секторы
Шәкен Ниязбеков - Қазақстанның мемлекеттік туының авторы