Екі ауылдың арасын Қиқулатқан жиырма бес
Екі ауылдың арасын
Қиқулатқан жиырма бес.
Бұғалықсыз асауды
Құр - құрлатқан жиырма бес.
Тынып таппай түн болса,
Сырғалатып сыртынан
Үй тыңдатқан жиырма бес.
Шынтақтасып қасына,
Шырт ұйықтап жатқанда
Тұр - тұрлатқан жиырма бес.
Жалтарғанды жаздырмай,
Қыран шалған қояндай
Бұлтылдатқан жиырма бес.
Ақысы кеткен кісідей
Көшкен елді қуалап,
Күн - түн қатқан жиырма бес.
Қыз - келіншек кез келсе,
Қыңырықтап құр кетпей,
Бір тіл қатқан жиырма бес.
Айдың көлдің аққуын
Атып алған жиырма бес.
Қай - қайдағы бәлені
Сатып алған жиырма бес.
Әр нәрсеге ұрынып,
Аман жүрмей, сау басын -
Шатып алған жиырма бес.
Өлем деген ойда жоқ,
Күнәсі бар да, тәубе жоқ,
Қапы қалған жиырма бес.
Көрінгеннің қолында
Әркімге бір қор болып ,
Аты қалған жиырма бес.
Бұл шама келгенде,
Қолдан келер амал жоқ,
Қимылдауға мажал жоқ,
Жатып алған жиырма бес.
Шың басына, бір кезде
Шығып алған жиырма бес.
Бойындағы бар шырын
Сығып алған жиырма бес.
Көндей тұрған сауданы
Басқалардан көп беріп,
Жығып алған жиырма бес.
ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Балуан Шолақ
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Базар Жырау Оңдасұлының шығармашылығы
Базар жырау
Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында
Ақтабан шұбырынды
Жиренше шешен жайлы аңыз
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Қазақстан Рсепубликасының екінші деңгейлі банктерінде бағалы қағаздар нарығын құру
ХІХ ғасырдың екінші жартысы