Атыңнан айналайын киелі есім, Киелі есім түсіме жиі енесің

Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сен жоқсың. Енді кімге еркеледім?
Бүгінгі қызығымды көрсетпеген,
Ой, өмір-ай, неғылған келтелі едің.
Шынында өмір неткен келтелі едің,
Анамды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің ерте менің.
Есейгені не керек ес білемін,
Қайғы-мұң жүрегімді кесті менің.
Жүргенде алдан күтіп бақыт таңын,
Кім білген қаралы бір кеш кірерін.
Атыңнан айналайын киелі есім,
Киелі есім түсіме жиі енесің.
Тірлікте асқақтаған әуенім ең,
Естілмей кеткен бүгін күй-елесім.
Әлде бір жақпай жүр ме жат қылығым,
(Ерсілеу естілді ме шаттық үнім).
Әйтеуір түсімде ылғи мұңаясың,
Өрулі келбетіңде ақ бұрымың.



Ұқсас жұмыстар

Бүгінгі поэзиядағы көне түркілік таным көріністері
Желбіресін мәңгілік жеңіс туы
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі
Қасиетті Қарқаралы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Туған жерімнің табиғатын таныстыру
Қарқаралының археологиялық ескерткіштері
Наным-сенім өлеңдерінің түрлері
ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ
ШЫҒАЙҰЛЫ ЕСІМ ХАН
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
АЙНАЛАЙЫН
ЖӘНДІКТЕР ЖОЛАМАЙТЫН КИЕЛІ САБАҚ
Есім хан
Есімдіктердің сөзжасамы
Жиі кездесетін әлеуметтік аурулар
МЕКТЕПТЕН ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІМЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫ
Айналайын балам
Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер