Ауыр демім кеңістікке жұтылып, Ауыр ойым жүк түсірді алқымға

Достым,
Мені жалғыздық қой қинаған.
Мұңым күліп, жүрегімді жүр қанап.
Сыр айтпақ ем…
Тұла бойға сыймаған
Сағынышым жанарымнан сырғанап,

Іштен тындым. Жоқ тіпті үн.
Көкірегімді күйдіреді бір ащы.
Дауысыма дірілі еріп өксіктің,
Көп сөздерім күрсініске ұласты.

Ауыр демім кеңістікке жұтылып,
Ауыр ойым жүк түсірді алқымға.
Қолын беріп, “қош” деп менен құтылып,
Есіне алмай алыста жүр жартым да.

Асығамын, кеткім келіп мәңгіге,
Жүдеткенде бұл тіршілік – қыбырлақ.
…Таппаған соң жөні түзу әңгіме,
“Оған сәлем айтшы” дедім сыбырлап.

Сәлемімді жеткізші, достым, оған…



Ұқсас жұмыстар

Д. Қонаевтың өмір жолына сипаттама
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Тірек аралық станциялар
Роман кейіпкерінің жаны жамандық көріп, жапа шеккендерге деген мейірімге толы
Қасым Аманжолов
Исламдағы жастардың кейбір мәселелері
Монғолдардың өзара қырқысуы және Темучиннің жоғарлануы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Жып - жылы сөйлеген сөздерімен, Жіберетін бойымды жылындырып
Момышұлы Бауыржан туралы
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ жайлы
Момышұлы Бауыржан
Жұқпалы аурулар
Бауыржан Момышұлы
Менің бойым таудай