Баянды бақытымның бастауындай, Айналдың Астанаға аппақ арман
Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.
Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,
Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.
Баянды бақытымның бастауындай,
Айналдың Астанаға аппақ арман...
Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,
Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.
Сұрланып сырт айналған суық көздер
Қарайды әлі саған сәл қызғана.
Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,
Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.
Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің
Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.
Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,
Қашанда еркіндіктің құны басым.
Керіліп кербез далам көсіледі,
Сезініп бостандықтың шұғыласын!
Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,
Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.
Бірлікті байрақ етіп болашаққа,
Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!
Өлеңдер жинағы
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Олжас Сүлейменовтың өмірі
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Елордасы – Астана
Қазақ халқының тәрбиесі
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Көркем шығарманы компазициялық құрылысы жағынан талдау
Аударманың тарихы қалыптасуы және дамуы
Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар
Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады
Менің бар арманым анамды әрқашан қуантып жүру
Айнала аппақ қар. Даланың табиғаты тып - тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде
Тәуелсіздік - арман
Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын