Қара орманда қаңғырып қан жұтады, қара жебе қадалған жаралы жан

Мамыр ойлар адасып далаға ұшқан,
өң мен түсте рухым сан алысқан.
Қара жерге тірелді қара табан,
қарауытып жанарым нала құшқан.

Қара суық,
сары күз,
ала көңіл
арпалысып,
құлазып барады өңір.
Қара дауыл үйіріп үміттерді,
қараңғыда есінен танады өмір.

Қара бұлттың түйілген қабағынан
қаралы маң боздатты назалы ән.
Қара орманда қаңғырып қан жұтады,
қара жебе қадалған жаралы жан.

Ақ сәулелі арманым қайда кеткен,
ақ пен қара арбасып, айлар өткен?!
Көгілдір бу көлбеңдеп көз алдында,
шалғынына аунамай қойды-ау көктем!

Көктем көзі нарқыздай күлімдейді,
ынтық демнен тынысы дірілдейді.
Иран-бақтың тербеткен құшағында
махаббаттың кірпігі ілінбейді.

Маңдайынан Күн сүйген жасыл далам,
жұпар аңқыр ақ нөсер – шашудай ән.
Ару түнді балқытып әкетеді
махаббаттың жалыны басылмаған.

Ессіз сезім ақылды тұрар қамап,
бал бақытқа бөленер, мұнар тарап.
Омыраулап бусанған белдеріңді,
жетем саған, көктемім, жыр арқалап!



Ұқсас жұмыстар

Тұяқты жануарлар
Қазақстан Республикасының 15 жылдығы
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
Ел аузнда қалған ерекше тұлғалар ( Саңырық, Наурызбай, Бөгенбай, Өтеген, Шақшақ Жәнібек, Тайлақ) )
Қазақтың ұлы жазушылары
Өлеңдер жинағы
Ауыл шаруашылық жануарлары төлдерінің ас қорыту жолдары аурларының этиопатогенетикалық үрдістеріне байланысты балау және емдеу түрлері
Құпия шежіре
Eciмшe туралы жалпы түсінік
ӘМІР ТЕМІР тарихы
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс