Ботасын күтер бозіңген, Көрем деп сені көз ілгем
"...Тал бесік пен жер бесіктің арасы,
Атқан таң мен батқан күндей қарашы."
Аманжол Әлтай.
(Бұл өмірден ерте кеткен, аяулы періште, сіңілім Ханзадаға арнаймын...)
Жүректі шерлі қозғар мұң,
Жұтылып батса тозған күн.
Түсімде тұман торлайды,
Ұйқымды ұрлап бұзған түн...
Түбіне түсіп тамұқтың,
Мазасыз ойдан жалықтым.
Еркемнің үні естілед,
Жұмақтан жеткен талып тым.
Фәнидің ұзап төрінен,
Көбелек-ғұмыр көріп ем...
Сен гүлге қонған нұрмысың,
Түнектен тайып, сүрінген?
Күндерге іңкәр құмарттым,
Несіне тағдыр кінә арттың?
Сен құрақта қалған қызғалдақ,
Нәрінен өскен бұлақтың.
Елесің келсе күн күлген,
Періштем бе едің, кім білген?
Бейнеңнен сенің айналдым,
Түсіме еніп, түн түрген.
ХАНЗАДАМ, ғазал шырайлым,
Ойымды орап тұр қайғым.
Раятын жауып түс бітсе,
Анаңа сәлем дұғай мың.
Думанды бағым дарханым,
Базары кетіп арқаның,
Алашқа, Тәңір , қарашы
Қаһарлы қайғы артқанын.
Ботасын күтер бозіңген,
Көрем деп сені көз ілгем.
Күлімдеп тұрсаң, қайтемін,
Ағамның адал көзінен?!
Күрсініс ойға берілсем,
Жалғыздық ойдан жерінсем,
Бұлт үзіп сәби қолыңмен,
Жасымды сүртіп едің сен.
Періштем нұрды іздеген,
Жақсыдан үміт үзбеп ем.
Көңілім көктем болғанмен,
Санамда сартап күзгі өлең.
Ақжауын жауса себелеп,
Батамын мұңға неге көп...
Қанаты суға малынып,
Көрінбей кетті-ау көбелек...
Ертегілер туралы мәлімет
Ертегілер жайлы түсінік
Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану
Қазақ халық ертегілері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі
Ертегілерді оқушылардың ойын дамытуда пайдаланудың әдістемелік негіздері
Оқушылардың ойын дамытуда ертегінің алатын орны
Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ ҚАБАНБАЙ
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
НҰРМҰХАММЕДҰЛЫ ЖАНҚОЖА
Педагогикалық процестің мәні мен мазмұны, құрылымы, қозғаушы күштері мен принциптері
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік