Кәрі күздер

Кәрі қыздар, кәрі қыздар... Тағдырлар.
Бәлкім мүмкін, қалап алған пешене!?
Терезеге жылап тиген жаңбырлар,
Нақақ жастар, мөлт-мөлт тамған кесеге.

Кәрі күздер... Кәрі емендер тамырлы,
Кешікпеген уақыттың көшінен.
Жапырағын бүрлендірген сабырлы,
Кәрі әжелер бақытты екен шетінен.

Жалғыз қайын, жаһандағы саясыз,
Гүлге оранып көрінгенмен әдемі.
Жалғыздықтан, жалығасыз, тоңасыз,
Құлазытар тіршіліктің әлегі...

Кәрі қыздың, көңілінде күмән бар,
Күн, ай сайын ұрланады жастығы.
Кәрі күздің жанарында тұман бар,
Түн келгенде суланады жастығы.

Көрінеді уақыт салған әжімдер,
Бет, келбетті бүркегенмен опамен.
Арсыз тағдыр, сынға салар әзілдер,
Түлкі тірлік, қашып барад тасамен...

Ұмыт қалып, мұсылманның парызы,
Кәрі-кәрі, дана қыздар көбейді.
Алла алдында өтелмеген қарызы,
Кәрі қыздар, не дейді!?..

Ойланыңдар, ерлер және арулар,
Рас болса, Тәтімовтің дерегі.
Үйір қуып, ат біткенді сауырлар,
Еркек емес, айғыр болғың келеді...



Ұқсас жұмыстар

Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Қой қазақ ұғымындағы өте қасиетті мал
Қол сүйектеріне жалпы түсініктеме
Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын есімнен болған сөз
Алақан сүйектерінің сынуы
Иық бұлшықеттері
Әлеуметтік проблема ретінде жалғыздық құбылысы
Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері. Гериатриялық пациенттерді күту
Жалғыздық феномені
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құран Кәрім Ислам дінінің негізгі көзі.
Құдайбердіұлы Шәкәрім
МАХМҰД ҚАШҚАРИ
ШӘКӘРІМ ЛИРИКАСЫ
ШӘКӘРІМ
Шәкәрім Қудайбердіұлы (1858 - 1931).