Оралсаңшы шын сүйгенмін бұрын құлай
Бала күнді білем сенде сағынасың.
Енді қашан сен жанымнан табыласың.
Біз есейіп кеткенменен ол ауылдан,
Күтіп тұрар алдымыздан тағыда шың.
Он сегізде болып едім ол кезде мен,
Жылдар өтіп қосып жатыр тағы жасын.
Біреу емес тіреу болғым келіп еді,
Түсінбедің сөздерімнің мағынасын.
Өткен күндер түсірмейді еске нені.
Сені көріп сезім желі ескен еді.
Содан бері бес жыл өтті бес күндей боп,
Арамызды алтын уакыт кескен еді.
Көп адамның көп күтетін шын бақыты,
Кейде ерте кейде бірақ кеш келеді.
Кездескімнің келмеуінің себебі сол,
Сүйген жүрек сыздайма деп сескенеді.
Күтемін деп таусылды ғой барша амалым.
Кездесетін күнді ойлаудан шаршамадым.
Бұл жалғанның жырақ менен жарық күні,
Сен болмасаң кең дүниені тар санадым.
Қадір түні болған кезде тілек тілеп,
Шын сүйген соң болашаққа жар санадым.
Еш біріде тең келмейді жаным саған,
Бұл əлемнің арулары қанша ма мың.
Жүрсе дағы көз алдымда қанша ма күн,
Сенен басқа ешкімдіде аңсамадым.
Тағы бір рет таңға дейін сыр бөлісіп,
Күн келер ме бірге жұтар таң самалын.
Күте тұрам бақытымыз келсін дедім.
Басқа жанды бақытым деп менсінбедім.
Қайда жүрсең біліп жүрші ұмытпашы,
Ең алғашқы махаббатым сенсің менің.
Түсіретін шығар маған нұрын құдай.
Оралсаңшы шын сүйгенмін бұрын құлай.
Өзгермеді сол баяғы көңілімде,
Саған деген сезімімде бұрынғыдай.
Сезім жайлы жатқан жоқ па толып аңыз.
Армандаған бақыт құс боп қонбады қыз.
Қалмасақта бұл əлемге болып аңыз,
Тағдыр жазған бір күндері жолығамыз.
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясы туралы зерттеулерді талдау арқылы қызметтік қатынастардың жоба - схема жасау
Қатынастар психологиясы
Шәкәрім Құдайбердиевтың өмірі мен шығармашылығы
Гумеров шығармалары өшпес мұра
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Ж. Аймауытов - Ақбілек романы
Адам аралық қатынастар психологиясы
Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
Ағзаны шынықтыру
АЙТМАТОВ Шыңғыс Төреқұлұлы
Бұрындық хан
Басшының бизнестегі рөлі
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы жайлы
Шыңғыс хан туралы
Дәрігер бөлмесі мен ауыз қуысы гигиенасының бұрышының ұйымдастырылуы.