Шарпып өткенде таныс бір жалынШақырдың бізді, Айғайқұм

Шарпып өткенде таныс бір жалын
Шақырдың бізді, Айғайқұм.
Шыңыңа апарып табыстырғаның
Шимайы шығар маңдайдың.
Алға ұмтыламыз, алаңдамаймыз,
Ажырамастан қолымыз.
Артымызда әне, айғыз да айғыз
Айғайлап жатыр жолымыз.
Сеземіз іштей, жүректер жақын,
Жол алыс (мейлі, дұрыс-ақ).
Бірінің бірі ту еткен атын
Ұмытылмайтын ұлы шақ.
Төбеге жеттік сыңар үнді ойлап,
Қуанып құм да салды әнін.
Сол ғана тұрды құлағымда ойнап
Естіген жоқпын қалғанын.
Қатуланбай-ақ Қатудың тауы
Күлімдеп бізді қарсы алған.
Құм емес, сөйтсем ақылдың шамы -
Жүрегім екен ән салған.



Ұқсас жұмыстар

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ туралы
Қысқарған сөздер түрлері
Сабит Мұқанов туралы
Педагог мамандығы
Адамзат ақырзаманға күн санап жақындап келеді
Қазақстанның туристік жерлері
Мұқағали Мақатаев жайында
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі жөнінде
ХХі ғасыр мұғалімі қандай болу керек?
Атамекен
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы