Өзің қатты ұнататын адамды, Өзге жанға қояды ғой ғашық қып

Көпірі көп,келбеті де керемет,
Қонақжайлық құрметі де тым дара.
бірақ олай сыйлағаны не керек???
Көре алмайды көп адамды бұл қала...

Мысал үшін,қызықты ойды қуалық,
Жыр жазайын жеткенінше жай күшім,
Жүрек тулап,жүрген сәтте қуанып,
Саған сыйлап кете берер қайғысын...

Ал содан соң жігеріңді құлатып,
Жүргеніңде жүрегіңе келіп сыз.
Алдын ала тастайды да жылатып,
Жынды қылып,күлдіреді еріксіз...

Жақсы қылып көрсетеді жаманды,
Бұл қалада қалыптасқан пасықтық.
Өзің қатты ұнататын адамды,
Өзге жанға қояды ғой ғашық қып.

Жібін үзгің келмес кейде үміттің,
Қоштасумен болып мүлдем хабарсыз.
"Келер-ау"деп келмесе де ұмытқың.
Жүрегіңнен сыздырады амалсыз...

Осы қала,сыйлығы осы берерге,
Күнім осы,билігіне бас ұрған.
Енді оған қолым жетті-ау дегенде.
Алыстатып әкетеді қасыңнан.



Ұқсас жұмыстар

ЖЫР СҰЛТАНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
POЗA МҰҚAНOВA ШЫҒAPМAШЫЛЫҒЫНДAҒЫ НAPPAТOP ҚЫЗМEТI
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Әдебиет - адам факторының бейнелеушісі
Мағжанның лирикасы
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Туған жерге деген қазақы ұғым, қазақы көзқарас
Қазақ әдебиетіндегі әнші-ақындар мен күйшілер бейнесі
«Жүсіп – Зылиха» дастаны
Алғашқы Абайтанушылар
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
ДУЛАТОВ МІРЖАҚЫП
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады
Міржақып Дулатов туралы
Техникалық процесті қауіпсіз жүргізу техникасын оқып- үйрету
Жеке адамды қалыптастыру
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары