Сүймеген адамды ұнатпай, Жазықсыз адамды жылатпай

Жауапсыз сезiмдi жырламай,
Көңiлсiз әндердi тыңдамай
Көрiктi көнiлдi бiр демде,
Көрiксiз мұңменен былғамай
Жүрейiн.

Сұлуды көрсем де қарамай,
Қуанып бақытқа баламай!
Орынсыз сөз естiп қалғанда,
Өзiмдi ойменен таламай
Жүрейiн.

Ақылды көрiніп сынамай,
Құлайтын жерлерде құламай
Күлетiн кездерде күрсiнбей,
Жүбату iздемей, жыламай
Жүрейiн.

Сен деген адамға сiз демей,
Бәрiне кiнәлi күз демей
Iздеген жандарды ұмытпай,
Ұмытқан жандарды iздемей
Жүрейiн.

Сүймеген адамды ұнатпай,
Жазықсыз адамды жылатпай.
Ешкiмдi тұғырға көтермей,
Көтерген адамды құлатпай.
Жүрейiн.

Жүрсе де кiм ал да,кiм кейiн,
Өкiну дегендi бiлмейiн
Бастысы дәл осы айтқанды,
Күнi ертең ұмытып жүрмейiн!



Ұқсас жұмыстар

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақтың драмалық шығармалары
Қазақ халқының ұлттық мінезбітіктері
Жамал-заман шындығын бейнелеген кейіпкер
Ұлпан - тарихи бейне
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
Қазақ әңгімелеріндегі заман шындығы
Ботагөз романындағы диалог үлгілері
Ғ.Мүсіреповтің «талпақ танау», «күсен» әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
Жеке адамды қалыптастыру
Діннің негізгі мақсаты адамдарды адамдықтан ажыратпау екенін ескерсек, Қазақстанда өтіп тұратын Дін Съездері адамзатты бейбітшілік пен келісімге бастайтын айқын әрекет
Жазықсыз жапа шеккен жастар
Мұқағали - поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстырған дарынды ақын
Екі миллион екі жүз мың адамды фашистер өртеп
Инспектор Слэк Мисс Марплды ұнатпайтын
Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны
Әлемдегі ең әдемі сарқырамалар: тізім, атау, табиғат және шолуларҮлкен биіктіктен түсетін судың әдемілігіне мүлдем бей - жай қарамайтын адамды табу қиын шығар
Адамдық борышың өлеңін жаттау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аленғалиева Гүлжайна ЖұмажанқызыАдамдық қасиет, арлы жол қайсы, Ұят пен намыс елдігім қайсы