Мөлдірімен сүйсіндірер тұнықтымөлдір оймен ойыстырып кім ұқты

Таңғы шықтың мөлдіріне ғашықпын,
мөлдір реңді сол бір күнге асықтым.
Мөлдір болса жүрегім де, жаным да,
қабылдар ма кең құлашын ашып түн?!

Мөлдірейді қарашықта бұл әлем,
мөлдіремес бұлақты да сынар ем.
Мөлдір болса өзегім де, сөзім де,
мөлдір сезім заңғарына шығар ем.

Мөлдір-мөлдір махаббатты жинаған,
мөлдіретіп жанарыңды қи маған.
Жан дүниемді, бар дүниемді берейін,
жалпағына жалғанның бұл сыймаған.

Мөлдірімен сүйсіндірер тұнықты
мөлдір оймен ойыстырып кім ұқты?!
Мөлдір тірлік шаршатады екен ғой,
аңсаттырып аданасты қылықты.

Болсын мейлі өмір мынау шырғалаң,
мөлдір сырды мөлдір етіп тұрмаған.
Мөлдір өлең, мөлдір әлем болғайсың,
мөлдірсіздік патшалығын құрмаған.



Ұқсас жұмыстар

Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Сәкен Жүнісов
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
Ислам Құран Ғылым
Ұлт зиялысы мен зиялылық
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Ұлылардың ұлысы - Абай ақын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
Текемет басу
Киіз басу тарихы
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
Электрондық үкімет
Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар
Классикалық - әкімшілік баскару мектебі
Әкімшілік-қуқықтық қатынастар
Әкімшілдік - әміршілдік жүйе
Басқару ұйымастыру үкім шығару қызметіне қажет
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы