Еңіреп кеп етегіңе құлаймын, Екеумізге жоқ қой енді басқа амал

Ілем менің ,
Түнермегін – шерлі анам,
Сені күтіп жатыр алда кең далаң.
Мен де қалдым арман – тауға бара алмай,
Сен де қалдың арнаң толмай сорлаған.
Сен жыладың Балқашыңа кете алмай,
Мен жыладым қалқашыма жете алмай.
Жұртын аңсап бота көңіл боздайды,
Бұлқынады бұғаудан бір босанбай.
Сен де ортайдың, сан тарау боп бүліндің,
Мен де ортайдым, мың сүріндім, жығылдым.
Үні естілер жағалаудан іңірде,
Үйірінен адасқан бір құлынның.
Толқыныңды ұзатып сап сан асау,
Тарылдың ба, беу, ілемнің жағасы -ау!
Сені күткен қасіретті Балқашың,
Мені күткен қасиетті Алатау.
Түнермегін!
Ілем менің – мұңлығым,
Сізге пана, бізге пана кім бүгін?!
Бетон жүрек, безбүйрек бұл ғасырда ,
Бауырлар да іздемейді бір-бірін!
Толқып-толқып сенен де енді құм қалар,
Өртей-өртей менен де енді күл қалар.
Жүрек жылтар Жетісудан тым құрса,
Жетпей қойды-ау, екеумізге бір хабар!..
Тасып-тулап сенен де енді тас қалар,
Жасып-жылап менен де енді жас қалар.
Еңіреп кеп етегіңе құлаймын,
Екеумізге жоқ қой енді басқа амал?!



Ұқсас жұмыстар

Тимур және оның командасы
Оралхан Бөкейхан әңгімемелрі
Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
Батыр Баян
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы
Мұқағали Мақатаев
Қазіргі қазақ поэзиясы
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Дін мен дәстүр (дүкеншінің әңгімесі)
Басқару процесiнiң мазмұны
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
САРТҰЛЫ ҚОЙГЕЛДІ
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Қазақ радиодағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың қисындары