Ұрпағың туса қағынып іштен, Салтыңды қайтем салынып ішкен
Ұрпағың туса қағынып іштен,
Салтыңды қайтем салынып ішкен.
Өмірді қиып кеткені қанша,
Өкпе мен бауыр қабынып іскен.
Ас суың ба еді атаңнан қалған ,
Ішпеген адам қатардан қалған.
Салбырап көктен түспеген шығар,
Сары ауыз неме сақалдан алған.
Сарқылып қалған салтыңды көрдім,
Сарғайған сол бір қалпыңды көрдім.
Қызығы кеткен қызыңды көрдім,
Қызара бөрткен қартыңды көрдім.
Ағалық қайда,даналық қайда,
Бабаңның салтын балаң ұқпай ма.
Қосылсаң егер басасың келіп,
Ағалық тойға ,ал, алып қойға.
Қашпаған қай бір қиуың қалды,
Ақылың азып, миың уланды.
Опасыз, арсыз жалғанның мынау,
Оңайы кетіп, қиыны қалды.
Жастық пен мастық қатар жүреді,
Қайғырып анаң, атаң жүдеді.
Адыра қалды сері жігіттің
Аруды сүйген атан жүрегі.
Қуатын, нәрін жиятын бойға,
Қымызың қайда, шұбатың қайда.
Қымызың барда, шұбатың барда,
Есірткің естен шыға тұрмай ма?
Арағын ішіп кәпір неменің,
Азғындап кетті ақыл дегенің.
Бұныңды қазақ қоймасаң мәлім,
Құрсақта құрып, жатырда өлерің.
Қыз бала тәрбиесі
Физалогия ғылымы және оның даму тарихы
Жастар тәрбиесінде халық педагогикасының элементтерін пайдалану
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Екi тумас ер ақын
Әке - бала үшін асқар тау
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Алкогольдің адам ағзасына асері
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеуінің негізгі мәселелері
Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс әрекеті үлкейген адамдардың жүзіне күлкі, қуаныш әкеледі
Маған десе Туған жер - деген сөзді естігенде ішкен асымды жерге қояр едім
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады
Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым
Өзіміз кішкентай кезімізде оқып, оқығанды көңілімізге тоқып өстік
Бәріміз кішкентайымыздан сын естіп, сынмен ержеттік
Біздің атамекеніміз, қасиетті қазақ даласы бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы
Кішкене сәби кезімде бесікке бөлейді екен мені
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан
Тышқан кішкентай